ҚАЛАМЫНА ҚАНАТ БІТКЕН ЖАС ДАРЫН
САРҚЫТ ЕРКЕЖАН – Семей қаласындағы «№50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейінің» 10 «Б» сынып оқушысы.
Әдебиетке құштар жас дарын кітап оқып, өлең шығарып, әңгіме жазумен айналысады. Мектептегі «Сөз зергері» әдеби клубының белсенді мүшесі.
2026 жылы «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Жас қаламгер» бағыты бойынша III орын иеленді.
Құрметті әдебиетсүйер оқырман қауым, назарларыңызға жас қаламгердің алғашқы тырнақалды туындыларын ұсынамыз.
Қаламына қуат, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз!
ЖАТ БАУЫР
ЖАТ БАУЫР
Омар бүгін қатты ызаға салынды. Өзегі талып, ашудан іші қайнап, сыртқа шыққысы келсе де бөлмесінде қала берді. Көрші бөлмеден анасы Зеренің ауыр демі мен ағасы айтқан сөздер шымбайына батып барады. Ызасын баса алмай орындықта әрең отыр. Бірақ ашуға толы үнді тіпті әйелі де құлағына ілер емес.
Омар әйелімен жөндеп сөйлекісі келді. Әйелімен де, ағасы Әмірмен де бір жерде отырып, анасы туралы әңгіме қозғағысы келгені рас.
Жұмыс орнында Әмірге қоңырау шалып, анасының сырқаты туралы айтса да дөрекі сөздерді естіп қайтқан беті осы. Омардың ішінде ыза ұяласа да, анасына көрсетпеуге тырысты. Анасының сөзі бұралған күйіне қуат беретіндей:
- Саған көп рахмет, – деп құшағында қысады.
Ағасының “Менің бауырым жоқ. Өзің шеш” деген сөздері есіне түскен сайын, ашуы қатайып, алқымына тығылған ашуға булығып жатыр. Бұның өз себебі бар еді. Ағайындылардың бала кезінде әке-шешелері ажырасып кетті. Біреуі әкесімен кетсе, екіншісі анасымен қалды. Бұл – екі бауыр арасындағы суыққа себеп.
Анасының жүрегі күннен күнге әлсіреп барады. Әкесі, жарықтық, жатқан жері торқа болғыр, бес жыл бұрын дүниеден өтіп кетті. Соған қарамастан бауырлар арасындағы жаттық жойылар емес. Омар ішкі ойымен тілдесіп, өз сырын өзіне ақтара бастады…
Омардың әйелі жағдайды білсе де араласқысы келмейді. Қазақтың “Алыстағы туысыңнаң, жақындағы көршің артық” деген мақал рас па екен деп ойланамын. Анамның түрі – анау, оны да сол үшін талан-таражға сала алмайсың. Марқұм әкеммен жылына бірақ рет көрісетінмін.Оның өзінде Әмірді көргенім жоқ. Әкем өлер адында қайда екенін, нөмірін беріп, бір-бірімізге қорған болуды өсиет қылып кетті. Сонда да ұзақ уақытты алшақтықтан ағайындылар сияқты араласпаймыз. Әкемнің жаназасында да сөзге келіп қалған жайымыз бар.”
Анам: “Ағаңа ренжіме, балам. Оның еш кінәсі жоқ” деп тұңғышын жақтайды. Кішкентай кезімде Әмірді көргім келіп озар-безер болып жылағаным есімде. Ол кезде де әне апарам, міне апарам деп әрең жұбатты. Ана жүрегі бәрін лезде сезеді екен. Қазіргі ағаммен қарым-қатынасымды анам білсе де, сырқатына қарамай барынша қолдау көрсетті. Ол да Әмірмен сирек кездесті. Бірақ ақша, сүйікті тәттілерін беріп жіберіп отырды.
Өткен жолы Әмірге қоңырау соқтым:
- Әмір… қалайсың? Бұл мен – Омар ғой. Әкем қайтқалы бері сені мүлдем көрмедім. Көріспегелі көп болды. Анамыз ауыр хәлде, соны талқылауымыз керек.
- Қандай Омар? Өз мәселеңді өзің шеш. – деп тұтқаны қоя салды.
Осыдан кейін қалай ашуға салынбайсың?! Бауыр дегеннің не екенін біле ме өзі?! Анама жаны ашыса болар еді.
Бір айдан соң анасының әлсіз жүрегі тоқтап қайтыс болды. Омардың көзінен жас боталағаны сонша, жан дүниесі ауыр күйзеліске ұшырады. Анасының о дүниелік болғанын Әмірге әдейі естіртпеді. Тағы елемей қоятын болар деп ойлады.
Үш күннен соң анасы Зерені ақатық сапарға шығарып салу ісі басталды. Көңілі реніш пен қайғыға толы Омар анасын қимады. Кенеттен Омардың жанына Әмір келіп тоқтады. Оның көзінде де өкініш сезімі ұялап тұр. Қайғылы жағдайды Әмірге Омардың әйелі естіртіпті. Естіген бойда аналарының жаназасына баруға бел буған. Екеуінің бір-біріне бөтен, жат болып кетуі бәрінен бұрын Зеренің жүрегіне ауыр сезімді ұялатты. Әмір інісі Омарға алғаш рет “іні” ретінде қарады. Сөйтіп ағайындылардың жүрегі елжіреп, аналарын қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды.
Әке-шешелері ажыраспай, екі бауыр бала кездерінен бір-біріне жақын болып өссе, жағдай басқаша болар ма еді? Кім білсін…

