Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 33 млрд 300 млн теңгеге жетіп, нақты өсім – 102,4 %.
Мал шаруашылығында да оң динамика байқалады. Ірі қара –100,7 %-ға, ұсақ мүйізді мал – 101,8 %-ға, жылқы – 103,6 %-ға, құс – 103,4 %-ға артқан.
– Биыл ауыл шаруашылығы өнімі көлемін 36 млрд 704 млн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мал басын ұлғайту көзделген: ірі қара – 116 200 бас, ұсақ мүйізді мал – 205 мың басқа дейін жеткізіледі. Жайылымдарды тиімді пайдалану үшін 62 млн 934 мың теңге қарастылып отыр, – деді Айбек Нұғымаров.
Ауданда өндірілетін негізгі өнім түрлері де көбейген. Өткен жылы ет өндірісі 102,4 %-ға, сүт 102,6 %-ға артты.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Былтыр 67 шаруа қожалығы 1 млрд 175 млн 626 мың теңгеге 105 бірлік техника сатып алған. Оның ішінде 71 трактор мен 34 тіркеме бар.
Ал биыл ескі техниканы кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. 229 трактор есептен шығарылып, олардың орнына 70 жаңа техника алу көзделіп отыр.
– Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына 931 млн теңге инвестиция тартылды. Биыл бұл көрсеткішті 4 млрд 500 млн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, – деді аудан әкімі.
