Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының президентін, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла әл-Мандусты қабылдады


15.05.2026 

 

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының президентін, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла әл-Мандусты қабылдады

 

✔️Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның климат, ауа райы, су ресурстары саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтудағы және табиғи апаттар қаупін азайтудағы шешуші рөлін атап өтті. .

 

✔️Әңгімелесушілер Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар климаттық күн тәртібіндегі мәселелерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ерте хабарлау жүйелерін дамытудың, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғыртудың, сондай-ақ ғылыми деректермен алмасуды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

 

✔️Мемлекет басшысы қазақстандық тараптың БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады.

 

✔️Су қауіпсіздігі мен су ресурстарын басқару мәселелерін аймақтық және жаһандық деңгейде шешудің өзектілігі баса айтылды. Осы тұрғыда Қазақстанның БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңыздылығы атап өтілді.

 

✔️Түркістан облысында БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірлесіп, су қоймаларын толтыру деңгейін арттыру және ауыл шаруашылығы аумақтарын су ресурстарымен қамтамасыз ету үшін жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның толық ауқымды іске қосылуы 2026 жылдың 17 мамырына жоспарланған.

 

✔️Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын іс жүзінде қолдануға көшкен аймақтағы бірінші ел болды.

Leave a Reply