РӘМІЗДЕР – ҰЛТ АЙБАРЫ

«Абай облысы Бородулиха ауданының
Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының»
басшысы – Атаева Мейрамгүл Балабайқызы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері тәуелсіздіктің тұғыры, егемендіктің айғағы, елдіктің мәңгілік бейнесі. Биыл бұл қасиетті нышандарымызға 34 жыл толып отыр.
1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді. Осы күннен бастап Ұлы Дала Елі өзіндік айшығы бар дербес мемлекет ретінде әлем картасында өз орнын мәңгі айшықтады.
Мемлекеттік Рәміздер – жай ғана белгі емес, ол ел тағдыры, ұлттық сана мен азаматтық жауапкершіліктің айбынды айғағы.
Елтаңбадағы шаңырақ – ортақ үйіміздің символы, Тудағы алып қыран биікке ұмтылған еркіндіктің нышаны, ал Әнұран халықтың жүрегінен төгілген рух пен арманның үні.
Бұл киелі ұлттық құндылықтар ұрпақты елге қызмет етуге үндейді, ұлттың болмысын бекемдейді.
«Абай облысы Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» үшін бұл күннің мәні ерекше. Өйткені, Нышандар – ұлттық рухтың қайнар көзі, дәстүр мен тарихи жадының алтын қазығы. Біз Рәміздерді құрметтеу арқылы жастарды елшілдікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуді басты міндетіміз санаймыз. Әрбір мектепте, әрбір отбасында Мемлекеттік Ту төрде ілулі тұруы керек. Бұл тек заң талабы емес, бұл жүрек қалауы мен азаматтық парыз!
«Байтақ елдің берік тұғыры – бірлік пен рәміз» деген ұстаныммен біз еліміздің әр жетістігін осы рәміздердің қасиетімен байланыстырамыз. Руханиятта, білім мен мәдениетте, өнер мен ғылымда еңбек етіп жүрген мыңдаған азаматтың арқасында елдің іргесі нығайып, көк байрағымыз аспанда желбіреп келеді. Біз, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері тіл оқыту ордасы ретінде Мемлекеттік Рәміздерді тек құрметтеп қана қоймай, олардың ұлықталуына нақты іс жүзінде үлес қосып келеміз.
Абайдай кемеңгердің атын иеленген облысымызда рәміздерге деген құрмет – ұлтқа деген құрметпен астасып жатыр. Бұл ұлы мұраны ұрпаққа аманаттау – біздің ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Жастарымыз көк Туды жүрекпен сезінсе, елдік пен егемендіктің тұғыры нығаймақ.
Рәміз – елдің жаны. Рәміз – Тәуелсіздіктің жалауы. Рәміз – Ұлт рухының айбары.
Біз осы құндылықтарды сақтау арқылы еліміздің ертеңін нұрлы да жарқын болуына бек сенеміз.
4 маусым – әрбір азаматтың жүрегінде мақтанышпен аталып өтетін ұлы күн болып қала бермек!
Рәміздер күні мерекесі құтты болсын, Қазақ Елі!
