«АБАЙ МУЗЕЙІ – РУХАНИЯТТЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ»

ТАНИРБЕРГЕНОВА Эльмира Куанышкановна
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік
 музей-қорығының ғылыми кітапхана қорын сақтаушы   

«АБАЙ МУЗЕЙІ – РУХАНИЯТТЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ»

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы, Ұлы ақынның туғанына 95 жыл толу мерекесінің қарсаныңда Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылып, сол жылы қазан айының 16-сы күні мереке үстінде ашылды. 1940-1944 жылдары музей Бекбай Байысовтың үйінде Абай музейінің алғашқы экспозициясы ашылды. 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйінде орналасып жұмыс істеді.

1947-1951 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамына кірді. 1990 жылы 5 сәуірдегі №141 Қазақ ССР Министрлер Кенесінің Қаулысы бойынша ақынның «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі болып құрылды. Қорық-музейінің құрамына қалалық кешен, Бөрілідегі «М.Әуезовтің музей-үйі», Абай ауданы Құндызды ауылындағы Халық ақыны «Шәкір Әбеновтің музейі» және Мақаншыдағы «Әсет Найманбаевтың музейі» кіреді. Қалалық кешенге Ленин көшесі, 12 үйде орналасқан көпес Роман Ершовтың үйі, 1995 жылы салынған жаңа ғимарат, 1993 жылы кешен аймағына көшірілген Ахмет-Ризаның медресесі мен мешіті, музейдің әкімшілік үйі, сонымен қатар Бөгенбай батыр көшесіндегі 132 үйде орналасқан «Алаш арыстары және М.Әуезов» музейі кіреді.

Биыл музейге 86 жыл толды. Біздің музей мұхит сияқты терең әрі көкжиегі шексіз көркем. Хакім Абай, Данышпан Шәкәрім, Кемеңгер Мұхтар, Алаш алыптары және Абайдың ақын шәкірттері бәрі осында.

Хакім Абайдың асыл мұрасын көздің қарашаңырағындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа үкілей жеткізу мен өркениет төрінен паш етуде. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығының алар орны ерекше.

Абай музейінің экспозициялық залдарына келсек «Жыл мезгілдері», «Дала әуені», «Абайдың балалық шағы», «Ақынның қалыптасуы», «Абайдың шығармашылығы», «Абайдың ақындық мектебі», «Абайдың отбасы», «Қара сөздер», «Абай мұрасы» залдары, Абайтану ғылыми-зерттеу орталығы, Абай музейінің галереясы.

Музейге келуші қонақтар ұлы ойшыл, ақыны Абай Құнанбайұлының өмір жолымен, шығармашылығымен таныса алады. Музей залдарында Абайдың өз қолымен тапсырған жәдігерлері де бар. 

Leave a Reply