«ТҮРКІ ЖАЗУЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҰЛЫ ҚАЗЫНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

25.05.2026. 

«ТҮРКІ ЖАЗУЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҰЛЫ ҚАЗЫНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2026 жылдың 25 мамыр күні, «Абай облысы Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен “ТҮРКІ ЖАЗУЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҰЛЫ ҚАЗЫНАСЫ” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараны орталықтың оқытушысы Данияр Болатұлы жүргізді.

Алғашқы ашылу сөзді орталық басшысы Мейрамгүл Балабайқызы ашып беріп, көне түркі жазуы жайында қысқаша сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды аталмыш тақырып бойынша белсенді пікір алмасуға үндеді.

Шараның мақсаты – көне түркі жазуының тарихи маңызын насихаттау, ұлттық руханияттағы орнын таныту және тарихи мұраға деген құрметті арттыру.

Дөңгелек үстел барысында қатысушы ұстаздар қауымы, түркі жазуының тарихи құндылығы, оны зерттеудің маңыздылығы және жастардың тарихи мұраны насихаттаудағы рөлі туралы пікір алмасты.

Соныменде, орталық оқытушысы Ерік Қайратбекұлы «Түркі жазуы – ұлт руханиятының ұлы қазынасы» тақырыбындағы баяндама жасап, бүгінгі дөңгелек үстелдің маңызына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, орталық оқытушылары: Мұратбек Азанхан, Ықыласова Әсел, Мокроусова Виктория, Найля Агзамовна аталмыш тақырыпта өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, дөңгелек үстелдің талқылауына қатысты.

Олар  көне түркі ескерткіштері – халқымыздың рухани байлығы мен тарихи жадының айқын көрінісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, түркі жазуын зерттеу ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны айтылды.

Шара барысында тарихи мұраны қазіргі заман талабына сай насихаттау мәселесіне де назар аударылды.

Қатысушы тіл жанашырлары, жастардың әлеуметтік желілер, ғылыми жобалар және мәдени іс-шаралар арқылы ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптей алатынын жеткізді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тарихи мұраны сақтау мен насихаттау – әрбір азаматтың ортақ міндеті деген ортақ пікірге келді.

«Абай облысы Бородулиха ауданының

Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту

орталығының» басшысы Атаева Мейрамгүл Балабайқызы

Leave a Reply