ӨСКЕМЕНДЕ БІР  ҮЙДІҢ  ҰЛДАРЫ  ОТАН ҚОРҒАУҒА БІРГЕ КІРІСТІ

 ӨСКЕМЕНДЕ БІР  ҮЙДІҢ  ҰЛДАРЫ  ОТАН ҚОРҒАУҒА БІРГЕ КІРІСТІ 

          Ұлттық ұланның 5518 әскери бөліміне Семей қаласынан шақыртылған ағайынды Әлішер мен Алдияр Әбдіғалиевтер күні кеше әскери ант қабылдап, бүгін жауынгерлік қаруға да ие болды. Әскерге алғаш болып шақырту Алдиярға келген. Алайда өзінен бір жас кіші інісі Әлішер де ағасымен бірге Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуді жөн көрген. Бұл шешімді ата-анасы да қолдап, қос ұлын бір әскери бөлімге шығарып салған.санаған. 

     – Әскерге барған сарбаз үшін кез келген ата-ана уайымдайды. Анамыз қайта-қайта уайымдамай, бір рет ғана уайымдайын, оның үстіне бір-бірлеріңе қамқор болып жүресіңдер деп бізді бірге жіберді. Кезінде бір бір облыстың ішінде болған екі қаланың арасы да қашық емес. Ант қабылдау іс-шарасына ата-ана, туған-туыстардың барлығы келіп, бізге сәттілік тіледі. Біз Ұлттық ұлан сапында Өскемен қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалаймыз. Ол үшін әскери бөлімде құқықтық сауаттылығымызды арттырып, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгерудеміз, – дейді 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Алдияр Әбдіғалиев. 

Әлішер мен Алдиярдың өмір жолы осы уақытқа дейін қатар өрілген. Екеуі бір мектепте білім алып, кейін бір колледжде аспазшы мамандығын игерген. Әскерге шақырылғанға дейін де бір кондитерлік кәсіпорында бірге еңбек еткен.Олар үшін бұл тек азаматтық борыш емес, туған ел алдындағы жауапкершілікті бірге арқалаудың жарқын үлгісі. Айта кетейік, Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін жаңа бастаған сарбаздар Абай, Жетісу, Павлодар, Түркістан және Астана қаласынан шақыртылған.

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі 

Leave a Reply