ПАВЛОДАРДА ӘСКЕРИ БӨЛІМ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЛАНҒАН КҮНІН АТАП ӨТТІ

ПАВЛОДАРДА ӘСКЕРИ БӨЛІМ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЛАНҒАН КҮНІН АТАП ӨТТІ

         «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінің іргетасы 1967 жылдың 29 шілдесінде  қаланған. Құрылғанына жарты ғасырдан астам  уақыт болған әскери бөлім Павлодар қаласындағы  түзеу  мекемелерінің  қауіпсіздігіне жауапты. Мерейлі мерекеге орай әскери бөлімде салтанатты шара ұйымдастырылды.

          –  Бүгін мен үшін  есте қаларлық ерекше сәт! Өйткені, 59 жыл бұл аз уақыт емес.  Тарих еншісінде қалған жылдар да әскери бөліміміз тәуелсіздік алғанға дейін және тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекетімізбен бірге марқая есейіп, құқықтық тәртіп  әскерінің даму жолында сүбелі үлесін қосып келеді.. Бөлім жеке құрамын бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, әрі қарай табысты еңбек тілеймін!», – дейді әскери бөлім командирі подполковник Айбек  Аристанбаев.

         Әскери бөлімнің құрылған күнін атап өтеуге  ардагерлер қауымы сондай-ақ өзара іс-қимыл органдарының өкілдері қатысты. Салтанатты жиында әскери қызметтегі кәсіби шеберлігі үшін бір топ әскери қызметші алғыс хат алып, ұзақ жыл елеулі еңбек етіп жүрген қызметкерлерге сый-құрмет жасалды. Мерекелік кеш соңы әскери бөлім өнерпаздарының концертіне ұласты. Жүктелген тапсырманы жоғары деңгейде орындаумен көзге түсетін  әскери бөлімнің жеке құрам Отан алдында қалтқысыз абыроймен атқарып келеді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Leave a Reply