ТАЛБЕСІКТЕ – «AUYL JASTARY» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

29–30 мамыр күндері Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Талбесік» этноорталығында «Auyl Jastary» республикалық форумы өтті.
Ауқымды алаң еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ге жуық белсенді ауыл жастарын біріктіріп, жаңа идеялар мен бастамалардың орталығына айналды.
Форумның негізгі мақсаты – ауыл жастарының әлеуетін ашу, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Форумның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы және «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев жастарды еліміздің болашағы үшін аса маңызды бағыттардың бірі – жасанды интеллект пен цифрландыру саласына белсенді араласуға шақырды.
