Абай облысында «Қанжар-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өтеді


2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Бесқарағай, Жаңасемей және Бородулиха аудандарының аумағында Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстық терроризмге қарсы жедел штабтарының ұйымдастыруымен «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, оларды жою бағытындағы күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.

Оқу-жаттығу барысында өткізілетін нысандар маңында уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты тұрғындарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, жалған ақпарат таратпауға және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Leave a Reply