Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті


Қазақстанда алимент төлеу тәртібі заңнамамен реттеледі. Егер ата-ана өз еркімен алимент төлемеген жағдайда, іс сотқа жолданып, кейін атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мәжбүрлі түрде өндіріледі. Бұл ретте жеке сот орындаушылар борышкерлердің табыстарынан ұстап қалу, мүлкіне тыйым салу, шоттарын бұғаттау сияқты шараларды қолдана алады.
Алимент төлеуден жалтарған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша алимент төлеуден әдейі жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Айта кету керек, алимент төлеу тек әкелерге ғана емес, аналарға да бірдей қатысты. Қазіргі таңда алимент төлеуші әйелдердің саны да артып келеді. Бұл қоғамдағы жауапкершілік мәселесінің өзекті екенін көрсетеді.
Алимент – бұл тек заң талабы ғана емес, ол – ата-ананың өз баласына деген адамгершілік әрі моральдық міндеті. Баланың болашағы үшін әрбір ата-ана өз жауапкершілігін сезініп, міндетін адал орындауы тиіс.
