Асубаев Назар Милдатұлы
«КӨКТҮРІКПІН!»
Көк байрақтың иесі Көктүрікпін –
Еркіндіктің «Қыраны» деп біліппін…
Қазақпын мен, танысаң, мәңгі елмін,
Тамырында қаны бар тектіліктің!
Алағай шақ, басыңнан не өтпеді?..
Таңбаланып тұр тарих деректері!..
Сақ, Ғұндардан басталар түп-тамырым.
…Тұғырыма қондырды демеп тегі!
Шабыт тербеп, кең өлке – айдынымды,
Бақытыма бұйыртқан байлығымды.
Шуағыңды шаш қане, шартарапқа,
Көктүрік Ер қорғаған Айбыныңды!
Егемендік екінші анам едің,
Кіндігімнен байланған балаң едім.
Сексен алтыда сәби боп туылдым да,
Алашыма, «Азаттық» ала келдім!
Сен маған «Сый боп келдің», ақын еттің,
Жігерімді жаныдың, батыр еттің.
Өшкен үміт оттарын қайта жағып,
Мәңгілікке бұл күнді тарту еттің!
Жасампазбын, жарыссаң жеңілерсің…
Дарқан дала бесігім.. Еміренсін…
Тағзым тұтып киеңді сақтап елім,
Жүрек жырым өзіңе төгілер шын!
Беу, тебіренші!
Нәсіпқазы Берік
«КИІЗ ҮЙ»
Құрықтаған асауын көшпеліміз.
Самал – саумал кеңдігі ескен – қымыз.
Жұпарынан масайрап хош ауаның,
Кітабындай тылсымның дес – жырымыз.
Еміп өскен дарқандық бесік – дала.
Теліп өскен ырыздық несіпті ала.
Қазақ болсаң, қарарсың, бұл – дүниеде.
Тауда туған бөрідей еш ұйықтама…
Түздік салып айтатын әні – ояулы.
Түңлігінде – ғарыштың бар ғой мәні…
Атан жүгі аманат ұрпағына,
Салқар көшкен «жыр қазына» – ең – аяулы…
Төрт бүктеген үшбу хат секілденіп,
Бір қарасаң өзінше мекіреніп.
Жатыр жайлау, батыр ел, киіз үйдің,
Ғасырларға сапарлар көркі болып!
Төлегенұлы Алдияр
«ЖЫР – ҚҰДІРЕТ»
(Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арнау)
Ақиығым-ай, көзіңмен күнде,
Көргенді жалын жыр етіп.
Өмірде өшпес өзіңмен бірге,
Өлең де туған шыр етіп.
Өзіңе басын иіп тұр бәрі,
Тәкаппар дүние… жоқ арман!
Алыпты қалай, ұмыт қылады,
Жырыңнан алау от алғам?!
Мәңгісің, барсың, мұны білгем мен,
Ақынның рухты екені!
Тірлікті бейқам түрге енген,
Ақындар сүйіп өтеді…
Өтсең де ғаріп өмірде мейлі,
Жырыңнан ескен тұнық ән.
Жүректер неге елжіремейді?
Патша сөз тағзым – құбылам.
Жабырқау жанды жұбатып өлең,
Сәулесін төгіп мұз жанға.
Өзіңді мәңгі тірі ақын дер ем –
Қыран үні жеткен құздарға.
Өлең деп туып, жүректі тербеп,
Халқыңды жырға бөледің.
Жырыңнан сенің құдіреттеніп –
Өлеңге айналды әлемім!
Аманбекова Сабина Қуанышқызы
«ТАМЫРЫМ БАР ТҮРКІДЕН…»
Мен түркімін — тамырым терең жатқан,
Алдаспандай рухым биік асқақтатқан.
Өркениетке кең жайып қос қанатын,
Бас имеген тамырлы халқы мақтан.
Әз-Түркістан — тарихымның өзегі,
Дариядай шежіресін төгеді.
Көк Бөріден қайсарлықты дарытқан,
Ұрпағына рух ұшқынын себеді.
Қымыз ішіп, киіз басып, ел болған,
Қыран көңіл, жыр мен әнге толған жан.
Дулығалы ері, тұлпар мініп, ту алып,
Жерін қорғап, дұшпанымен арпалысқан.
Естеми мен Атилладан қан қалған,
Әл-Фараби — даналықтың шамшырағы жанған.
Ей, жас ұрпақ, асқақтатқын ел даңқын,
Түркі рухы мәңгі жасап жалғаннан!
Саят Інжу Саятқызы
«МҰҚАҒАЛИ – ЖЫР АЛАУЫ»
(Арнау)
Мұқағали – қара өлең мұзбалағы,
Арда ақындар ізгі арнау жыр жазады.
Мақтан етіп өзіңді, бар мұраңды,
Алты Алаштың дариға-ай, кіл қазағы.
Жырыңнан өсиетті шыңдаламын,
Жырға ғашық жаным да нұрланады.
Сырлы ақыны қазақтың өрнекті сөз,
Тағзым белгі арналған жыр жолдары.
Жалын жырың жүректен жырланады.
Ғасырларға ән болып шырқалады.
Өлеңің бойтұмардай жаттап өскен,
Көкіректі сәулелеп бүр жарады!
Мелетханова Айзада Мақсатқызы
«МҰҚАҒАЛИ»
Біртуары дарынды,
Ақыны ол қазақтың,
Жүректерде жалынды,
Жырлары бар ғажап тым.
Мұрасын елі бағалап,
Тағзым етер тағылымды.
Поэзияда дара нақ,
Өз биігі де бар үлгі.
Еліне жыры өнеге,
Есімі өшпес, биік тұр.
Ақиық атанған өлеңде,
Алты алашқа сүйікті!
Баилова Жанерке Ерланқызы
«МҰҚАҒАЛИ»
Жырлары жүректерде жатталатын,
Мұқағали мен үшін асқақ ақын.
Елімнің көтеріпті бар беделін,
Халқының жүрегінде сақталатын.
Отан деген, жер деген, елім деген,
Елі үшін жырлаудан ерінбеген.
Жиырма бірінші ғасырдың досы болды,
Өлеңдері нұр құйған сенімменен.
Ғұмыры қырық бес – асу белеске тең…
Тағдыры таңғажайып елес пе екен?!
Мұқағали атамды еске алғанда,
Алып бір Алатауды елестетем!
Кенже Сағынбек Серікболұлы
«МӘҢГІ – МҰҚАҒАЛИ»
(Арнау)
Жан назасы ұғындыра рас жалғанын фәнидің,
Өлеңімен ізгілікке тағзым басты сан идім.
Түр – тұлғаңда тұнған ұлттың ұжданы,
Тәңіртаудай болмысыңды таниын…
Жылыстатып сонау заман, санап сағат жыр-күнді.
Өмір – өзен толқынында мезет – мезгіл сырғиды.
Бәз тірлікті танымас ек, сезінбес ек тылсымды,
Сәуле – жырың нұрын шашты, жүрегіме сыр құйды.
Отты жыры – жалын- жасын, найзағайдың жарқылы,
Сазды өлеңі сыр-шұғыла алтыны.
Таныдым мен Көк аспан мен кербез Дала болмысын,
Анау асау түз-белдерді дастандарың арқылы.
Хас ақынға бас иеміз, ұғынумен мұңын мың.
Ғасырлардан ғасырларға сапарлайды жыры шын.
Самбырлайды Мұқағали «Өмір – Дастаны»,
Өйткені ол, мәңгі ескерткіш ғұмыр – шың!
Айтмаш Алмас Болатбекұлы
«АСТАНА»
Ақ Ордасы елімнің,
Бақ Ордасы жерімнің.
Көк Байрағы желбіреп,
Тұр Астана сәнді боп!
Нұрлыбекұлы Нұртілек
«АҚЫН»
Дуалы ауыз – ақын сөзі,
Әз-даналар жалғасы.
Ойды баққан жарқыл көзі,
Рухпен асқақ қарашы.
Асыл – күміс сөз салмағын,
Ақыл – оймен жазған ақын.
Өлеңімен өз арманын,
Суретшідей салған ақын.
Адамзаттың жарық – күнін,
Жырына арқау ете білген.
Жүрегінің барлық мұңын,
Шабыт тулап өртеп жүрген.
Төлегенұлы Альтаир
ТУҒАН ЖЕР
Туған жерді – әркім қымбат санаған.
Ол тұрақтап, орын тепкен санадан.
Жыр арнаймын, ақын болып өзіңе –
Мен қорғаймын, қыран болып көгіңде!
Сәкенов Ерасыл
«ӨРЛІК ӨЛЕҢІ»
Қыран көзбен шолатұғын,
Ойға терең бойлайтұғын,
Ел мен Жерді ойлайтұғын,
Бұла күші бойда мығым,
Жықпас намыс дара туын,
Құрметтеген ана тілін,
Сайыпқыраны кең даланың –
Ерасыл ер мен боламын!
Жырым да бар айбар үнім,
Жігерімді қайрадым мың,
Белесі бар жолдарымның,
Йесімін Байрағымның,
Жалғап сақтар Арман – Мұңын,
Ұлы Елімнің қорғанымын,
Демеп ерек қолда бәрің –
Өр ақының мен боламын!
Еркебұланұлы Әлихан
«ҰСТАЗ»
Шәкірттерге қоятұғын талапты,
Қолдап әркез дарындар мен талантты.
Алғысымыз шексіз біздің ұстазға,
Самғататын биіктерге қанатты!
Арнұрқызы Нұрсана
«МЕН ЖАС АҚЫН, БІЛЕМІН»
Бала кезден жаттадым сол әр ақынның өлеңін,
Абай, Мұхтар, Ыбырай, шабыттандырған сен едің.
Әлі күнде дәптеріме өлең жазып келемін,
Мен, жазушы, ақын болам себебі, мен білемін.
Кітап, журнал, газет оқы осы бастан,
Сөздік қорың көбейіп тілің болар алдаспан.
Мүмкін, жыр жазғың келеді, мүмкін дастан,
Шығармашылыққа ұмтылсаң, мүлдем саспа.
Әр адамның қолынан келмейді, бірақ,
Ұмтылсаң алға, қолыңа алсаң бір парақ,
Шабытың ашылуы мүмкін, достым, қара,
Ақындыққа жетерсің қағып қанат.
Сауметов Диас
«МӘҢГІЛІК АҚЫН»
(Мұқағали Мақатаевқа арнау)
Жасын жыры шашып жалын,
Ақын өтті ғасырда бұл.
Талантына таң қалумен,
Тағзым етіп бас ұрғанмын!
Мұқағали – ақын мәңгі,
Жүректерде атың қалды.
Тағдырындай – өз өлеңі,
Таңжұлдыздай жарқырады.
Тартып ойы тұңғиыққа,
Өнеге боп күллі жұртқа.
Жыр жалауы желбіреген,
Жеткізгендей жырды ұйыққа!
Сембай Інжу
«БІЛІМ – ШЫРАҚ ЖАҒЫЛАР»
Даналықтың мәйек ап бастауынан,
Тұлғалардың бой түзеп асқарынан,
Халыққа шын өнеге көрсетер жол,
Жарық шашып білімнің аспанынан.
Мол білімге ұштасып тұнық сырлы,
Талабыңмен таныла, жығып сынды.
Өнер, ілім – қос қанат әрқашанда,
Болашаққа бастаған үлгі жолды.
Оқу – үміт, ынсап пен даралық тән,
Өрісін де білімнің саналы ұққан.
Шынықтырып ақыл мен парасатын,
Биік шыңға талпынған ғана шыққан.
Мектеп төрін айбын қып қуатты үнім,
Тауып ұдайы жүйрік ой сұрақ мыңын.
Асылдары сақталып, жадымызда,
Ғасырларға жағылар шырақ – білім!
Гаухар Мұхаметқали
«ҚЫС»
Қар жауып, ақ мамық бүркеді жер,
Аязды күнде де көңілім өр.
Ақұлпа құлаумен үнсіз ғана,
Қыс келіп, әлемге бергендей сән.
Ақшақар жапты кең даланы кеп,
Аяздың лебімен ойнайды леп.
Шанамен сырғанап бала күлген,
Қыс қызық шақ қой, көңілді өткер.
Сықырлап қар жатыр табанымда,
Ағаштар тұр әсем қар жамылған.
Табиғат тыныштық тербегендей,
Қыс келіп, бір сиқыр таратылған!
Айсу Мұхамедиева
«АНАШЫМ»
Анашым, мейірімнің теңеуі,
Анашым, жүректің өлеңі.
Анашым, ол өзің әрқашан,
Қызыңның ұдайы демеуі.
Марат Аилина
«МЕКТЕП»
Білімнің ордасы,
Шәкірті алға озған.
Мектебім самғашы,
Көрініп шыңдардан!
Жасарбек Расул Олжасұлы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
Ұстазы ол даланың,
Шақырған да білімге.
Жағып ғылым шырағын,
Жеткізді ғой бүгінге.
Идрисова Інжу Серікқызы
«ҰСТАЗҒА АЛҒЫС»
Үйреткен қашан-дағы тәлім беріп,
Шәкіртке талаптанған барды ұсына.
Арқасы ұстаздардың, барлығы оның,
Әлемнің бөлене бер алғысына!
Мамеева Айлин
«ҚАРТТАРЫМ, АЛҒЫС – СІЗДЕРГЕ!»
Батасын берген біздерге,
Ақылын айтып күз-кеуде.
Жүзінде өмір табы бар,
Соны жол салған іздерде…
Қарттарым, алғыс – сіздерге!
Шығып та талмай жүз белге,
Орыны биік құз-төрде.
Аршылып сыры жан-шуақ,
Тәмсілін ізгі тізген бе?!
Қарттарым, алғыс – сіздерге!
Сіздерге алғыс, қарттарым!
Тілерім, өмір ақ таңын!
Өнеге өшпес өлеңдей,
Санада тұнған айтқаның!
Мың алғыс қазына – қарттарым!
Құмаров Сұңқар Даниярұлы
«СЕМЕЙ»
Туған қалам Семейім,
Арналады өлеңім.
Астанасы Алаштың,
Үстем болған мерейің!
Мақсатбек Медина Мейратқызы
«ТУҒАН ЖЕР»
Бесігім де өзіңсің,
Тұмарымдай кең далам.
Туған жерім – мөлдір жыр,
Қымбаттысың сен маған!
Жұмағазы Әдемі
«НАУРЫЗ»
Көктеп талдың бүртігі,
Тіршілік бастар тынысты.
Теңелетін күн – түні,
Ұлы күні Ұлыстың!
Бауыржанұлы Мұстафа
«ЫБЫРАЙ АТА»
Қалам ұстап болған дана,
Қалың елден алған баға.
Өнегесі, өсиеті,
Қазына боп қалған дара!
Сәкен Санжар
«ТУҒАН ЖЕР»
Ыстық маған туған жер,
Тұмарындай сақтаған.
Тарту етіп жырдан, беу,
Ақын болып мақтанам!
Назарұлы Нұрали
«КҮЗ»
Жапырағы, жаңбыры,
Сыбдыр желмен үйлескен.
Қалың түсіп тұманы,
Сурет ғажап – күз неткен!
Серіков Әлішер
«АБАЙ АТАҒА»
Абай атам — ұлы данам,
Жырыңнан әр үлгі алам.
Өсиетің — тұмар бізге,
Бүкіл әлем мойындаған!
«АҚ ҚАУЫРСЫН ҒА» – АҚТІЛЕК
Балғын қанат өмірге қағылғанда,
Үміт шырақ алдыңнан жағылғанда,
Болашақтың, сөнбейтін жұлдызындай,
Өнерменен әлемге танылғанда,
Аппақ арман қарсы алып алдарыңнан,
Аппақ көңіл ағынан жарылғанда.
Лүпіл қағып, бейкүна жүректері,
Сендерсіңдер, «Ақ қауырсынның» түлектері.
Сол емес пе, нұр құйылып әр көңілге,
Солмайтындай, өмірге гүл еккені,
Арналды ананың да тілектері
Бақ тілеген Батадай – лебізбенен,!
