№ Cемейде шығармашылық сарай ұжымымен конституция жобасы бойынша кездесу өтті

27.02.2026

Cемейде шығармашылық сарай ұжымымен конституция жобасы бойынша кездесу өтті

Семей қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайында білім беру саласының қызметкерлерімен Жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды кездесу өтті,-деп хабарлайды  Абай журналы.Басқосу «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы аясында ұйымдастырылды.

Жиынға Абай облысы мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Шалқар Байбеков және коалиция мүшелері қатысып, қызметкерлермен ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мәні, Конституция жобасына енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен олардың қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.

Шалқар Байбеков жалпыұлттық референдум өткізу туралы Мемлекет басшысының Жарлығының маңызын атап өтті: 

«Жаңа Конституция жобасы – еліміздің ұзақ мерзімді даму траекториясын айқындайтын стратегиялық құжат. Қоғам жаңарып келеді, соған сәйкес құқықтық негіз де жаңғыруға тиіс. Референдум – халықтың тікелей таңдау жасау мүмкіндігі. Сондықтан бұл кезеңде түсіндіру жұмысының сапасы ерекше маңызды», – деді ол.

Коалиция мүшелері конституциялық реформаның мазмұнына әр қырынан тоқталды. Ардагерлер кеңесінің өкілі Мұрат Алин, Семей қаласының құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев, облыстық мәслихат депутаттары Рафаиль Хазипов, Марат Құрманбай, Мерей Қарт және «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының директоры Ұлан Сағадиев өзгерістердің тарихи және құқықтық маңызын тарқатты.

Ұлан Сағадиев реформаны Абайдың «Толық адам» ілімімен сабақтастыра отырып, терең философиялық пайым айтты: «Абай «Толық адам» ілімін ұсынды. Толық адам – ақыл, жүрек, қайратты тең ұстаған тұлға. Мемлекет те дәл осындай үйлесімге сүйеніп отыр. Ақыл – заң мен жүйе болса, Жүрек – әділет пен мейірім, Қайрат – батыл шешім мен нақты іс. Жаңа Конституция жобасы – осы үш қасиетті тоғыстыратын құжат. Ол құқықтық жүйені жетілдіреді, әділетті нығайтады, қоғамды жаңғыртуға бағыт береді. Абай әділетті айтты, ал Конституция соны заң деңгейінде бекітеді», – деді ол.

Сонымен қатар жиында Конституцияның 8, 16, 33-баптарына енгізілетін өзгерістерге тоқталып, адам құқығын қорғау, білім алу мүмкіндігін кеңейту бағытындағы нормалар мәні түсіндірілді.

Жиын соңында ұжым өкілдері пікір білдірді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алия Ахметова жаңа жобаның білім беру саласына ықпалы зор екенін жеткізді. «Бүгін біз жаңа Конституция жобасының мазмұнымен кеңінен таныстық. Өзгерістердің білім беру саласына да тікелей қатысы бар екенін түсіндік. Бұл – жауапкершілігі жоғары кезең. Өз болашағымыз үшін, балаларымыздың ертеңі үшін азаматтық борышымызды өтейміз», – деді ол.

Кездесу еркін сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттарына қолдау білдірді.

 

№ 28 ақпан күні сағат 11:00-де Астанада «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат өтеді

27.02.2026
28 ақпан күні сағат 11:00-де Астанада «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат өтеді

Студиялық форматтағы пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok платформаларында және Хабар арнасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қосымша ақпарат «Референдум-2026» Telegram арнасында жарияланады.

Дебатқа 7 партиядан 14 спикер қатысып, жобаға қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, халық сауалдарына жауап береді.

№ Абай облысында коалиция мүшелері Семей қаласының №5 гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді

27.02.2026

Абай облысында коалиция мүшелері Семей қаласының №5 гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді

Коалиция мүшесі Асемхан Дускужанов Конституцияның 20-бабына ерекше тоқталып, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалатынын түсіндірді:

«Адамға құрмет – әділетті мемлекеттің өлшемі. Конституция ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол бермейді. Бұл – заң ғана емес, өркениетті қоғамның басты қағидаты».

Ал Айрат Базенов өз сөзінде Конституцияның 33-бабына назар аударып, білім беру саласындағы негізгі кепілдіктерді түсіндірді:

«Қазақстан Республикасының әр азаматы заңға сәйкес жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар. Бастауыш және негізгі орта білім – міндетті. Бұл әр баланың болашағына берілген нақты мүмкіндік». Бұл нормалар білім сапасын арттыруға және тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Абай облыстық мәслихатының депутаты және коалицияның өңірлік филиалының мүшесі Қуаныш Қасенов референдумның маңыздылығына тоқталып, оны халықтың еркін білдіруінің тиімді конституциялық құралы ретінде сипаттады: 

«Референдум – әрбір азаматқа ел тағдырына тікелей ықпал ету мүмкіндігін беретін құрал. Белсенділік – жауапкершіліктің белгісі».

Спикерлер Конституциядағы өзгерістердің практикалық маңызы мен қоғам өміріне ықпалын түсіндіріп, гимназия ұжымын 15 наурыздағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

№ Абай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Үлгілі жүргізуші» акциясы ұйымдастырылды

27.02.2026

Абай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Үлгілі жүргізуші» акциясы ұйымдастырылды

Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Үлгілі жүргізуші» атты профилактикалық акция өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер арасында тәртіп пен жауапкершілікті нығайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын кеңінен насихаттау.

– Акция барысында қала аумағында көлік құралдарының жүргізушілеріне жоспарлы тексерістер жүргізілді. Тексеру кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзбаған, көлік құралын талапқа сай басқарған және құжаттары толық, техникалық жағдайы талаптарға сәйкес жүргізушілер «Үлгілі жүргізуші» ретінде арнайы марапатқа ие болды, – деп атап өтті Әкімшілік полиция басқармасы, үгіт-насихат тобының инспекторы Мөлдір Назынбекова.

Үлгілі тәртіп көрсеткен азаматтарға алғыс білдіріліп, «Заң мен тәртіп» идеологиясының нышаны ретінде арнайы брелоктар табысталды.

Іс-шара аясында тәртіп сақшылары жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Мұндай акциялар өңірде жол қауіпсіздігін нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаттарын орнықтыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

№ Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

26.02.2026
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатарынан барлығы 60 адам қатысты.

Конференцияның мақсаты – конституциялық жаңғырту жағдайында гендерлік саясаттың негізгі бағыттары мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылау үшін саяси диалогты, академиялық сараптаманы және азаматтық қатысуды біріктіретін маңызды ұлттық алаңға айналу.

«Бүгінде еліміз ауқымды конституциялық реформаның табалдырығында тұр. Оның маңызды кезеңдерінің бірі – ағымдағы жылдың 15 наурызына белгіленген республикалық референдум. Мемлекет басшысы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекетіміздің конституциялық негіздерін түбегейлі қайта жаңғырту қажеттігін күн тәртібіне қояды. Негізінен, сөз мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін құру туралы болып отыр», – деп атап өтті. Еліміздің жаңа Негізгі заңы жобасы аясында қарастырылып отырған маңызды мәселелердің бірі – гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат. Соңғы жылдары Қазақстанда гендерлік теңдікті нығайту және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бағытында бірқатар жүйелі әрі практикалық шаралар қабылданды. Қазақстанда қоғамдық ұйымдардың дамыған желісі қалыптасқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы және басқа да ұйымдар белсенді жұмыс жүргізуде. Біздің Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында бас қосуымыздың өзіндік терең символдық мәні бар. Бұл күн гендерлік қатынастар саласында бір ғасырдан астам уақыт бұрын орын алған шынайы серпілісті білдіреді. Қазіргі Қазақстан жағдайында да біз гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жетілдіру бағытында нақты әрі тиімді қадамдар жасауымыз қажет», – деп атап өтті өз сөзінде ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

«Бүгінгі таңда гендерлік теңдік инклюзивті және орнықты дамудың негізгі элементі болып қала береді. Саяси контекстің өзгеруі, демографиялық үдерістер мен климаттың өзгеруі жаңа шындықтарды қалыптастырып, бір жағынан мүмкіндіктер ашса, екінші жағынан сақталып отырған теңсіздіктерді айқындай түсуде. Осындай жағдайда конституциялық жаңғырту негізгі құқықтарды растауға, институционалдық кепілдіктерді нығайтуға және гендерлік теңдіктің ұлттық даму басымдықтарының ажырамас бөлігі болып қалуын қамтамасыз етуге маңызды серпін береді. Конституциялық реформа мемлекеттік басқару мен құқықтық жүйелерде кепілдіктерді күшейтудің құқықтық негізін қалыптастырады», – деді БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы, Қазақстандағы БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының елдік өкілдігінің өкілі Гюрэс Джерен Гювен.

Отырыс барысында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, отбасы, ана мен баланы қорғауға бағытталған жаңартылған конституциялық тәсілдерге талдау жасалды. Мемлекеттік органдардың, сараптамалық қауымдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдері озық тәжірибелермен, зерттеулермен және деректермен алмасып, пікірталасты жаңа идеялар мен көзқарастармен байытты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Таудың пікірінше, конституциялық реформа – бұл заң мәтінін өзгерту ғана емес, халықтың өмір сүру философиясын және мемлекет пен азамат арасындағы жаңа қоғамдық келісімді айқындайтын үдеріс. Қазіргі гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтар тақырыбы – сырттан енген үрдіс емес, тарихи тәжірибемізбен үндес бағыт.

«Соңғы жылдары қазақстандық қоғам ауқымды өзгерістерді бастан өткеруде: цифрландыру, еңбек нарығының трансформациясы, урбанизация, жастардың дүниетанымының жаңаруы. Осындай жағдайда отбасы институтының рөлі мен оны нығайтудың маңызы арта түсуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әйелдердің саясат пен экономикаға қатысуы артқан сайын әлеуметтік саясаттың сапасы да жоғарылайды. Қазақ қоғамында әйел әрдайым маңызды рөл атқарған – ол тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ел тағдырына жауапты тұлға. Сондықтан гендерлік саясатты ұлттық дәстүрлерге қарсы құбылыс ретінде емес, қазақ мәдениетінің заманауи жалғасы ретінде қарастыру қажет», – деді депутат.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы Азиза Шужeева Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың дербес деректерін қорғау, цифрлық ортадағы жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат-хабар алмасу және банк құпиясын сақтау құқықтары тікелей бекітілгенін атап өтті. Осылайша, аталған кепілдіктер заң нормасы ғана емес, конституциялық мәртебеге ие болды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смолякова, журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер, Қазақстан тарихына арналған телебағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы Майя Бекбаева, Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдану және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының басшысы Айжан Аймағанова, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер аралық кеңесінің төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Eligai» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Сания Ирсалиева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «PANA» жобасының жетекшісі, Әйелдер күштері альянсының басқарма мүшесі Лариса Ли, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар гендерлік саясатты дамытудың басым бағыттарын айқындап, заманауи әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер жағдайында отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттар инклюзивті және орнықты қоғам қалыптастыруға негізделген.

№ Сапалы білім беру және цифрлық қауіпсіздік: «Талдау» ҰЗББО АҚ сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады

26.02.2026

Сапалы білім беру және цифрлық қауіпсіздік: «Талдау» ҰЗББО АҚ сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады

2026 жылғы 26 ақпанда «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-да конституциялық реформаны талқылау бойынша семинар-кеңес өтті. Орталық ұжымы жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттарын талдап, білім беру саласының қазақстандық қоғам өміріндегі негізгі рөліне ерекше назар аударды.

Ұсынылған жобаның басты ерекшелігі – білім беру құндылықтарын тікелей Негізгі Заңның кіріспесіне енгізілуі. Орталық басшылығы бұл қадам білім берудің рөлін күшейтудің және ұлттық өрлеудің басты құралы ретінде танылуының айқын дәлелі екенін атап өтті.

«Сапалы білім беру құндылығының кіріспеден бастап конституциялық деңгейде мойындалуы – бұл қоғамға берілген маңызды белгі. Бұл біздің Орталық үшін аналитиканың жаңа стандарттарына көшуді білдіреді. Енді біздің назарымызда жай ғана статистика емес, білім сапасының нақты көрсеткіштері мен әрбір білім алушының даму деңгейі болады», – деп атап өтті «Талдау» ҰЗББО АҚ басшылығы. 

Талқылау барысында мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде адами капиталды дамыту мәселелеріне басымдық берілді.

Орталық сарапшылары жаңа Конституция жобасы тұрғысынан алғанда, білім беру тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор екенін айтты. Бұл Орталықтың білім беру жетістіктерін мониторингілеу және бағалау жөніндегі міндеттерімен тікелей үндеседі.

Сонымен қатар, зияткерлік меншіктің (ҚР тарихында алғаш рет) конституциялық деңгейде бекітілуі зерттеушілер мен жас ғалымдардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кеңес барысында жаңа конституциялық блок – цифрлық ортадағы дербес деректерді қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Білім беру процесін жаппай цифрландыру жағдайында бұл мәселе өзекті стратегиялық маңызға ие.

Қатысушылар цифрлық кеңістіктегі жеке өмірге қолсұғылмаушылықтың конституциялық кепілдіктерін талқылады.

Миллиондаған қатысушылардың деректерімен жұмыс істейтін «Талдау» орталығы үшін дербес деректерді қорғау режимін күшейту – зерттеулер барысында киберқауіпсіздіктің озық әдістерін және деректерді деперсонизациялауды (иесіздендіруді) енгізуге қосымша серпін береді.

Бұдан бөлек, жиында мемлекеттік басқару моделін түбегейлі трансформациялауға бағытталған ережелер талқыланды: заң шығарушы билік тармағын қайта жаңғыртып, оны Құрылтай ретінде қайта құру, Вице-президент институтын енгізу, сондай-ақ билік пен халық арасындағы тікелей диалог құралы ретінде Қазақстан Халық кеңесін құру мәселелері қаралды.

Кездесу соңында «Талдау» ҰЗББО АҚ ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдіріп, жаңартылған Негізгі Заң жаһандық сын-қатерлер кезеңінде әрбір қазақстандықтың әлеуетін іске асыруға берік іргетас болатынына сенім білдірді.

№ «Абайға құрмет»: Семейде Рәміздер алаңының құрылысы басталды

26.02.2026
«Абайға құрмет»: Семейде Рәміздер алаңының құрылысы басталды

Былтыр облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Бүгін Семейдегі Бейбітшілік аралында Солтүстік Қазақстан облысының тартуы ретінде салынатын Рәміздер алаңының іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысты.

Рәміздер алаңының іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйлеген аймақ басшысы бұл жобаның айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, өңірге Рәміздер алаңын сыйға тартқалы отырған Солтүстік Қазақстан халқына, облыстың әкімі Ғауез Нұрмұхаметбетовке өңір жұртшылығы атынан алғыс айтты.

«Бүгінгі игі шара еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Солтүстік Қазақстан мен Абай облысы солтүстік пен шығыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да, ниеті ортақ, тілеуі бір екенін көрсетті. Өздеріңіз көріп отырғандай, Рәміздер алаңы Бейбітшілік аралында бой көтереді. Ежелгі Түйемойнақ, қазіргі Бейбітшілік аралы тарихқа бай, тағдырдың тезін көп көрген киелі орындарымыздың бірі екені сіздерге аян. Бұл аралда қырық жыл бойы даламызға уын шашқан атомдық сынақтардың тоқтауына орай биіктігі 20 метрлік «Өлімнен де күшті» монументі тұрғызылса, ядролық полигонның жабылғанына 20 жыл толғанда биіктігі 25 метр болатын Бейбітшілік стэлласы тұрғызылды. Енді міне Абай облысы қайтадан шаңырақ көтерген тұста биіктігі 35 метр болатын Рәміздер алаңы бой көтермек. Еліміздің тәуелсіздігінің 35 жылдығымен де тұспа тұс келіп отыр. Бұл үш таған қасиетті Бейбітшілік аралына енді толық мағына беріп, қаланың көркі мен тарихын байыта түспек. Мұндай Рәміздер алаңы тарихымызда бірінші рет салынғалы жатқанын да мақтанышпен айта кеткен жөн. Алдағы рәміздер күніне дейін алаңның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек», – деді Берік Уәли.

Нысан дөңгелек пішінде жобаланған, диаметрі – 28 метр. Жалпы биіктігі – 35 метр. Рәміздер алаңы заманауи талаптарға сай салынып, айналасының барлығы абаттандырылып, тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті орындарының біріне айналмақ.

Аймақ басшысы шара барысында Бейбітшілік аралында Президенттің арнайы тапсырмасымен қала тұрғындарының серуендеуіне арналған  көлемі 56 гектар болатын Экологиялық саябақ салынатынын айтты.

Шара барысында сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов бұл бастаманың ел бірлігін айшықтайтын рухани маңызына тоқталды.

«Ертіс жағасындағы еңселі Семейде елдің рухын асқақтататын тарихи сәттің бастауына куә болып отырмыз. Мемлекеттік рәміздер алаңы мен стелла құрылысының капсула салу – бұл жай ғана құрылыс емес, бұл – жүректегі Отанға деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі. Бұл жоба – Солтүстік Қазақстан облысының ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының жүз сексен жылдық мерейтойына орай Абай еліне, қасиетті Семейге жасаған тартуы. Бұл – ағайынның ақ ниеті, елдің елге деген құрметі», – деді ол.

Айта кетейік, «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің бірнеше өңірі Семей қаласына бір нысаннан салып беруге өз ұсыныстарын берді. Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады. Шымкент қаласы шығармашылық орталығы мен Мәдениет үйін, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы Келешек мектебін, Ақтөбе облысы жекпе жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» орталығын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ салуды, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр. Алматы облысы былтыр Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында салынған саябаққа «Алтын адам» ескерткішін орнатты.

Акцияны ірі инвесторлар да қолдап отыр. Атап айтсақ, «KAZ Minerals» компаниялар тобы Семейдегі жаңа шағын аудан­да 25 мың көрерменге арналған жаңа ста­дион құрылысын бастап кетті.  Сонымен қатар ұлттық компаниялар да өз үлесін қосатын болады. «Қазақстан халқына» қоры инклюзивті спорт кешенін салып беруді жоспарлап отыр.

№ Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы Конституциялық өзгерістерді қолдайды

26.02.2026

Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы Конституциялық өзгерістерді қолдайды

Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын Конституциялық түзетулерді қолдайтынын хабарлады.

Кездесу барысында Конституциялық түзетулердің негізгі бағыттары – билік тармақтарының теңгерімі, Президент өкілеттігінің бір реттік жеті жылдық мерзімі және Конституциялық Соттың рөлін күшейту – талқыланды.

Өңірлік коалиция мүшесі Еркен Сағандықов өзгертулердің институционалдық мәніне тоқталып:

-«Бұл түзетулер нақты тұлғаларға емес, тұрақты ережелерге негізделген басқару моделін қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік институттардың өзара жауапкершілігі айқындалып, шешім қабылдау тетіктері жүйеленеді. Ұзақмерзімді тұрақтылық дәл осындай институционалдық негіз арқылы қамтамасыз етіледі».

Ермек Әбілмәжінов өз сөзінде:

-«Ұсынылып отырған Конституциялық өзгерістер елдегі мемлекеттік институттардың жұмысын тиімді етуге, шешім қабылдау процесін жүйелеуге және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған. Бұл елдің құқықтық негізін берік етуге үлес қосады».

Кездесу барысында станция қызметкерлері ұсынылған өзгерістерге өз пікірлерін білдіріп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді. Ұжым өкілдері елдің құқықтық негізін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтындарын атап өтті.

№ Болашаққа бірге қадам: «Казполиграф» ЖШС ұжымымен референдум тақырыбындаашық диалог

26.02.2026

Болашаққа бірге қадам: «Казполиграф» ЖШС ұжымымен референдум тақырыбындаашық диалог

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалицияның Абай облыстық филиалының мүшелері «Казполиграф» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, жаңартылған Ата заң жобасын талқылады. Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы түсіндіріліп, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылды.

Жиын барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының басты қағидаттарына назар аударды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары сенімді қорғалатын, заң үстемдігі берік орныққан, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімге негізделген әділетті мемлекет қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Кездесуде сөз алған қоғам өкілдері Қайрат Смағұлов пен Айгерім Смағұлова референдумның ел болашағы үшін стратегиялық маңызын атап өтті.

Қайрат Смағұлов референдум – халықтың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуының тиімді тетігі екенін айтып, әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі ел дамуының маңызды алғышарты екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол жаңа Конституцияның 31-бабынатоқталып, онда әрбір азаматқа жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне кепілдік берілетінін, жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және өзге де заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандыру қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, бапта ерікті әлеуметтік сақтандыру, басқа әлеуметтік қамсыздандыру нысандары, волонтерлік қызмет пен қайырымдылықтың қолдау табатыны көрсетілген.

Айгерім Смағұлова жаңа Конституция жобасының құқықтық мазмұнына тоқталып, заңдылық, әділеттілік және жауапкершілік қағидаттары басты назарда екенін жеткізді. Ол ұжым мүшелерін ел тағдырына бейжай қарамай, саналы түрде таңдау жасауға шақырды.

Сонымен қатар, кездесуде заманауи өндіріс жағдайындағы цифрландыру, экологиялық жауапкершілік және адами капиталды дамыту мәселелері де көтерілді. Бұл басымдықтардың жаңа Конституция жобасында көрініс табуы – экономиканың тұрақты дамуы мен қоғамның сапалы жаңғыруына бағытталған маңызды қадам екенін көрсетеді.

№ Салық төлеушілер берешекті 31 наурызға дейін өтеуге тиіс

26.02.2026

Салық төлеушілер берешекті 31 наурызға дейін өтеуге тиіс

Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық жүктемесін азайту мақсатында өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі арнайы қолдау шарасы енгізілді. Бұл шара 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы санаттағы салық төлеушілерге қатысты қолданылады.

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін кәсіпкерлер негізгі берешекті 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтеуі қажет. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз алаңында берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы Үрбала Әжібекова хабарлады.

Негізгі қарыз толық өтелген жағдайда 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген барлық өсімпұлдар, берешек жабылғанға дейін жинақталған өсімпұлдар, сондай-ақ салықтық құқық бұзушылықтар мен қосылған құн салығы бойынша тіркеусіз қызмет көрсеткені үшін салынған айыппұлдар есептен шығарылады. Сонымен бірге мерзімінен бұрын төленген міндеттемелер бойынша есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар да жойылады.

— Есептен шығару рәсімі мемлекеттік кірістер органдары жанынан құрылған арнайы комиссия жүргізетін түгендеу қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Егер салық төлеуші негізгі берешекті толық өтесе, мемлекеттік кірістер органы үш жұмыс күні ішінде өсімпұлдарды есептен шығару туралы шешім қабылдайды. Ал комиссия тағы үш жұмыс күні ішінде бұл соманы жеке шоттан нақты алып тастайды, — деді Үрбала Әжібекова.

Айта кету керек, бұл шара кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ жеке тұлғалардың берешегіне қолданылмайды.

Бұл қолдау тетігі бизнесті ынталандыруға, салықтық тәртіпті нығайтуға және кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

№ Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

25.02.2026

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5%-ы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2%-ы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3%-ы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейімен таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 12,5%-ы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген.

Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейі («Бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа Конституция жобасы жарияланды. Сіз осы жобаны қолдайсыз ба?») айтарлықтай жоғары. Сауалнамаға қатысқандардың 86,5%-ы жарияланған жобаны қолдайды: 48,4%-ы ұсынылған өзгерістерді толықтай құптайды, ал 38,1%-ы жекелеген баптары мен ережелерін мақұлдайды. Сонымен бірге құжат мәтінімен жақсы таныс респонденттер арасында қолдау деңгейі ақпараттану деңгейі төмен топтармен салыстырғанда едәуір жоғары екені байқалады.

Референдумға ықтимал қатысу деңгейі 70,7% көлемінде бағаланады («Сіз жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға дауыс беруге барасыз ба?»). Сонымен қатар, респонденттердің 11,6%-ы дауыс беруге қатысуды жоспарламайтынын білдірсе, 17,7%-ы әлі нақты шешім қабылдамаған.

«Жаңа Конституция жобасында көрсетілген төмендегі баптар мен нормаларды сіз қолдайсыз ба, әлде қолдамайсыз ба?» деген сұраққа берілген жауаптарға сәйкес, жоба нормаларының ішінде ең жоғары қолдауға ие болғандар: табиғатқа ұқыпты қарау қағидатын бекіту (94,3%), мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бекіту (87,8%), сондай-ақ цифрлық ортада азаматтардың жеке деректерін қорғау (87,7%). Аталған ережелерге қатысты оң көзқарас барлық әлеуметтік топтарда көрсетіліп отыр.

Сауалнаманы Қоғамдық саясат институты «AMANAT» партиясының тапсырысы бойынша ұлттық репрезентативті іріктеме негізінде 9–18 ақпан аралығында жүргізді. Іріктеме көлемі – 18 жастан асқан 8000 респондент (17 облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары). Іріктеме қателігі – ±1,19%. Деректерді жинау әдісі – жаппай сауалнама (face-to-face). Сауалнама Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын жазбаша хабардар ету арқылы, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілді.

№ Ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады

25.02.2026

Ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады

Ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

— Ұжымдық пайдаланылатын зертханалар тетігі енгізіледі. Бұл норма бюджет есебінен сатып алынған ғылыми инфрақұрылымды тиімді әрі баршаға қолжетімді пайдалану үшін өте маңызды. Мысалы, бір университетте заманауи зертхана бар. Ол зертхана Қазақстанда немесе тұтас өңірде біреу ғана. Қазір оны тек сол ұйымның ғалымдары ғана пайдалануда. Енді осы заңда дәл осындай зертханаларды басқа да ғалымдарға қолжетімді ету үшін «арнайы ұжымдық пайдалану зертханалары» деген ұғым және тиісті тетік енгізілуде, — деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, арнайы ақпараттық жүйеде кез келген ғалымға қай жерде қандай зертхана бар, ол қай уақытта бос және онда қалай зерттеу жүргізуге болатыны көрсетіледі.

— Осы арқылы ғылыми инфрақұрылымды тиімді пайдалануға мүмкіндік ашылады, — деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, аталған заң жобасы аясында ғылыми жобаны бастау мерзімін нақты сол келісімшарт басталған күннен белгілеу көзделген.

№ Жаңа Конституция жобасы туралы ең кең тараған фейктерге жауап берілді

25.02.2026

 Жаңа Конституция жобасы туралы ең кең тараған фейктерге жауап берілді

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады. Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық.

1-бөлім

1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді»

Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.

Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер – Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау – Құрылтайдың келісімімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Президенттің қайта сайлану құқығынсыз бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі сақталады.

Мұндай құрылым «суперпрезиденттік» модельге емес, президенттік республикаға тән.

Қорытынды: Фейк

2. «Шетелдіктерге жер сатуға қойылған тыйым алынып тасталады»

Жоба мәтінінде шетел азаматтарына жер сатуға рұқсат беретін нормалар жоқ.

8-баптың 3-тармағында:

«Жер және оның қойнауы, сулар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп бекітілген.

Қорытынды: Фейк

3. «Тегін медицина жойылады»

Жоба медициналық көмектің өтеусіз сипатын сақтайды.

32-баптың 2-тармағына сәйкес:

«Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген, өздері төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы».

Бұл жерде мәселе тегін медицинаны жоюда емес, аталған құқықты іске асыру тетігін заңнамалық тұрғыдан нақтылауда болып отыр.

Қорытынды: Манипуляция

4. «Тегін білім беру жойылады»

Бұл да жоба мәтініне сәйкес келмейді.

Шын мәнінде, мемлекеттік оқу орындарында орта білім берудің өтеусіз сипатына Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алу құқығы бекітіледі (33-бап).

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:

«Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды… «Тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ «азаматтар ақы төлемей, заңда белгіленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты», – деп атап өтті.

Қорытынды: Манипуляция

5. «Жыл сайынғы ақылы демалыстар жойылады»

Бұл – қате пайым.

Конституция жобасының 27-бабы демалу құқығына кепілдік береді. Ал жыл сайынғы ақылы демалыстың нақты ұзақтығы мен шарттары Еңбек кодексімен айқындалады.

Конституциялық норма принципті бекітеді, ал егжей-тегжейі салалық заңнамамен реттеледі.

Қорытынды: Манипуляция

6. «Конституциядан «бостандық» ұғымы алынып тасталды»

Керісінше, құқықтар мен бостандықтар ең жоғары құндылық ретінде айқындалған.

Преамбула мен 1-бапта адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жарияланған. Құқықтар мен бостандықтар бөлінбейтін және иеліктен шығарылмайтын деп танылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз жария мәлімдемесінде: «Адам және оның қадір-қасиеті – конституциялық модельдің езегіне айналып отыр

Қорытынды: Манипуляция.

7. «Сөз және жиналыс бостандығы шектеледі»

Шын мәнінде, Конституция жобасы цензураға тікелей тыйым салады (23-бап, 5-т.) және сөз бостандығына кепілдік береді (23-бап, 4-т.). Шектеулерге тек заңмен және тек конституциялық құрылысты, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында ғана жол беріледі, бұл Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне, соның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді.

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығына Конституция жобасының 35-бабында да кепілдік берілген. Бейбіт жиналыс түрлерінің тізбеленбеуі осы түрлердің барлығының «бейбіт жиналыстар» ұғымына кіретіндігімен, яғни бейбіт жиналыстар өткізу құқығымен қамтылатындығымен түсіндіріледі. Бейбіт жиналыстардың нақты түрлері бейбіт жиналыстар туралы бейінді Заңда ашып көрсетіледі.

Бейбіт жиналыстардың түрлерін тәптіштемейтін мұндай жалпы тұжырымдама «Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы танылады» делінген Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді.

Қорытынды: Манипуляция.

8. «Тотальды цифрлық бақылау енгізіледі»

Керісінше, Конституция жобасы «цифрлық құқықтарды» енгізіп, азаматтардың жеке өмірі мен дербес деректерін виртуалды ортада заңсыз пайдаланудан қорғайды (21-бап, 1-т.).

Қорытынды: Фейк.

9.«Конституция мәтінін шетелдіктер жазған»

Жобаны отандық заңгерлер, ғалымдар мен сарапшылар азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып дайындады. Комиссия жұмысы ашық әрі жария түрде жұргізілді

Қорытынды: Фейк.

10. «Жаңа Конституция халықаралық міндеттемелерді бұзады»

Жобада ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келетін нормалар көзделмеген. Адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі қағидаттары халықаралық деңгейде танылған стандарттарға сәйкес келтірілген.

Ратификацияланған халықаралық шарттардың қолданылу тәртібі ұлттық мүдделерді қорғау қажеттілігі ескеріле отырып, заңдарда айқындалатын болады. Ратификацияланған халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық жүйесінің құрамында қалады.

Қорытынды: Манипуляция.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды бастапқы дереккөздерді мұқият зерделеуге, тексерілмеген жарияланымдарға сын көзбен қарауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырады.

Өз көзқарасыңызды қалыптастыру барысында эмоционалды және үстірт интерпретацияларға емес, ресми мәтін мен уәкілетті органдардың түсіндірмелеріне сүйеніңіз.

Конституцияның реформалары: кәсіподақ ұйымдарымен ашық талқылау

25.02.2026

Конституцияның реформалары: кәсіподақ ұйымдарымен ашық талқылау

Коалицияның аймақтық филиалының мүшелері кәсіподақ ұйымдарымен Конституциядағы өзгерістерді талқылауға арналған “TALQYLAU” форматында кездесу өткізді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, оның барысында қатысушылар әлеуметтік саладағы күтілетін жаңалықтарды, “Мемлекет мемлекет үшін емес, адам үшін мемлекет” қағидатын жүзеге асыру жолдарын және қоғамдық бірлікті нығайту тетіктерін егжей-тегжейлі қарастырды.

Спикерлер Дариға Абайқызы мен Ерден Сағындық конституциялық өзгерістер әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, еңбек құқықтарын қорғауға және азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Реформаларды жүзеге асырудағы кәсіподақтардың маңызды рөліне ерекше назар аударылды.

Ашық талқылау форматы кәсіподақ өкілдеріне өз ұсыныстарын айтуға, еңбек қатынастары мен әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ортақ пікірге келді: жаңа Конституцияның қағидалары қоғаммен бірге талқыланып, нақты практикалық шаралар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Семейде 35 аула абаттандырылды

25.02.2026

Семейде 35 аула абаттандырылды

Семей қаласында 2025 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңнің басым бағыттары айқындалды. Негізгі назар жылумен жабдықтау, сумен қамту және аулаларды абаттандыру мәселелеріне аударылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты аясында  Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рустам Айтқұлов кеңінен тарқатты.

Оның айтуынша, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы 29 қыркүйекте штаттық режимде басталды. Қаланың жылумен жабдықталуын 21 қазандық пен ЖЭО-1 қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 76 орталық жылу пункті мен 92 қазандық агрегаты жұмыс істеуде. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 325,5 шақырымды құрайды.

Жылыту маусымына дайындық аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен және жергілікті бюджеттен 4,9 млрд теңге бөлінді. Қаражат есебінен 13 жылу көзінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3,4 шақырым жылу желісі ауыстырылды.

– Барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды. Жылыту маусымы 2025 жылғы 29 қыркүйекте штаттық режимде басталды. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қоры толық көлемде жылумен қамтамасыз етілді, апатты жағдайларға жол берілген жоқ, – деді Рустам Айтқұлов.

Жөндеу науқаны шеңберінде қазандық агрегаттары мен бу қазандықтарына ағымдағы жөндеу жүргізілді, ЖЭО-1 турбинасында іске қосу-баптау жұмыстары аяқталды, тарату құрылғылары жөнделді. Березовский кентінде жылу желісі толық жаңартылды.

– Сумен жабдықтау және су бұру саласында 2025 жылы 14 жоба іске асырылды, оның ішінде 7 жоба мемлекеттік арнайы қор есебінен қаржыландырылды. Барлық нысандар белгіленген мерзімде аяқталып, пайдалануға берілді. Қаланың бірқатар шағынаудандары мен жеке сектор тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды, – деп атап өтті бөлім басшысы.

Абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. 2025 жылы 35 аула аумағы абаттандырылды. Жұмыстар балалар және спорт алаңдарын орнатуды, жарықтандыру жүргізуді және көгалдандыруды қамтыды.

№ 2026 жылы Қазақстанда жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

2026 жылы Қазақстанда жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдар, әлеуметтік серіктестер қатысты.

Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Азаматтардың жағдайы мен елдің тұрақты дамуы жаңа Конституция жобасының негізгі өзегіне айналғаны айтылды. Отырыста басты мәселелердің бірі халықты жұмыспен қамту тақырыбы болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 2,9 млн сапалы жұмыс орны сақталды. 2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Жиында жұмыс орнындағы адам қауіпсіздігі мен қорғалуы да қаралды. «Цифрландыру жағдайында ыңғайлы әрі түсінікті коммуникация құралдарын енгізу маңызды», – деп есептейді Аида Балаева.

Сонымен қатар, тараптардың кепілдіктерін, құқықтары мен міндеттерін айқындайтын еңбек шартын әзірлеу тапсырылды. Ведомствоның басым міндеттерінің бірі – мүгедектігі бар адамдарды кешенді әлеуметтік қорғау. Оларды жұмыспен қамту тәсілдерін жетілдіру, техникалық қажет құралдарымен қамтамасыз ету және инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін арттыру мәселелері өзекті екені айтылды. Сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларды дамыту мен әлеуметтендіруге ерекше назар аударылды.

Мүгедектікті тағайындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Премьер-министрдің орынбасары Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіруді тапсырды. Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында министрлік алдында әлеуметтік-еңбек саласын технологиялық тұрғыда жаңғырту бойынша ауқымды міндет тұрғаны сөз етілді.

Отырыста министр Асқарбек Ертаев баяндама жасап, ведомство жұмысының нәтижелерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

№ Абай облысында өңірлік коалиция өндіріс ұжымымен кездесті

Абай облысында өңірлік коалиция өндіріс ұжымымен кездесті

Бүгін Семей қаласындағы «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС өндірістік алаңында республикалық референдум қарсаңында кәсіпорын еңбек ұжымымен ашық кездесу өтті. Іс-шара «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының бастамасымен ұйымдастырылды,-деп хабарлайды ақпараттық агенттігі Абай облыстық мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Абай облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Шалқар Байбеков және коалиция мүшелері қатысты. Жиынға 100-ге жуық өндіріс қызметкері жиналды. Басқосуда жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мазмұны және 15 наурызда өтетін республикалық референдумның саяси-құқықтық маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Шалқар Байбеков Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелеріне тоқталды. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетінін айтып, өңірде құрылған коалицияның басты міндеті – жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен әрі дұрыс түсіндіру екенін жеткізді. Сондай-ақ ол кәсіпорынның өңір экономикасындағы орнына ерекше тоқталды:

«Бұл өндіріс орнында 450-ге жуық адам еңбек етеді. Сіздер тек өнім шығарып отырған жоқсыздар, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосып келесіздер. Еңбек адамдарының пікірі – әрқашан маңызды. Сондықтан ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын сәтте белсенділік танытуға шақырамын», – деді Шалқар Байбеков.

Кездесу барысында коалиция мүшелері – «Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Қайрат Смағұлов, Облыстық мәслихат депутаты Қуаныш Қасенов, Абай облысы бойынша Әйелдер қанатының кеңесшісі Айгерім Смағұлова, «Respublica» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар Конституцияның 3-бабы мен 30-бабына енгізілетін өзгерістердің мәні түсіндірілді.

Жиын соңында еңбек ұжымы өкілдері өз пікірлерін білдірді. Кәсіпорын қызметкері Серік Омаровтың айтуынша, кездесуде Конституция жобасының мазмұны нақты әрі түсінікті жеткізілді:

«Біз жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің жарқын болашақ әкелетініне сенгіміз келеді. Кейінгі кезде қоғамнан биліктің ашықтығына, жеделдігіне көп ұсыныс айтылды. Референдум – әр азаматтың жауапкершілігін айқындайтын тарихи сәт. Үмітіміз бар. Біз ұжыммен жаңа Атаң жобасын қолдаймыз», – деді ол.

Кездесу ашық әрі мазмұнды болды. Қатысушылар Жаңа Конститцуия жобасындағы өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді.

№ Президент тапсырмаларын іске асыру: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?

23.02.2026

Президент тапсырмаларын іске асыру: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Іс-шаралар жоспарын Премьер-Министр Олжас Бектенов бекітті.

Жоспар 8 бағыттан тұрады және 100 негізгі іс-шараны қамтиды. Онда аталмыш жылды ұйымдастырушылық сүйемелдеу, стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету, AI-SANA бастамасы аясында адами капиталды дамыту, мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру сияқты цифрлық экономиканың кең ауқымды міндеттері қамтылады. Сонымен қатар киберқауіпсіздікке, цифрлық инфрақұрылымға, салаларды цифрландыруға, қалалар мен өңірлерді кешенді дамытуға және жаңа экономиканы қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Жылдың ресми ашылуы наурыз айында Alem.AI алаңында өтеді.

 Стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету

Бұл бағытта «Digital Qazaqstan» стратегиясын әзірлеу, отандық IT-компанияларға салықтық және реттеушілік ынталандыру шараларын қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ цифрландыру, жасанды интеллект, деректер, киберқауіпсіздік, телекоммуникация және цифрлық активтер салалары бойынша негізгі заңнамалық бастамалардың кемінде 90%-ын қабылдау жоспарланған.

Адами капиталды дамыту

AI-SANA бастамасы аясында ЖИ-білім беруді мектептерде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ ересектерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларында кеңінен енгізу көзделген.

Орта білім беру деңгейінде Day of AI Qazaqstan бастамасы мен TUMOорталықтарын ашу пысықталуда. Жалпы алғанда, цифрлық және ЖИ-дағдыларды дамыту бағдарламаларымен білім беру саласының барлық сатыларындағы кемінде 450 мың оқушы мен оқытушы қамтылатын болады.

ЖИ-мамандарын дайындау үшін биыл AI University жобасының алғашқы кезеңі іске қосылып, өңірлерде Tomorrow Schoolжасанды интеллект мектебі кеңейтіледі. Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор басшыларына арналған «AI Governance 500» бағдарламасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілерге арналған AI Qyzmet бағдарламасы жалғасады және компания қызметкерлері ЖИ көмегімен жұмыстарын жеңілдететін бизнеске арналған жаңа AI Corporate бағдарламасы іске қосылады.

GovTech: мемлекеттік басқарудың цифрлық моделі

Мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру аясында цифрлық жұмыс орнына баса назар аударылып, eGov және eGov business мүмкіндіктерін кеңейту, Әлеуметтік әмиян қызметтерін дамыту және Ұлттық ЖИ платформасында ЖИ шешімдерін енгізу жоспарланған.

Нәтижесінде:

  • мемлекеттік қызметшілердің кемінде 80%-ы Gov Workspace бірыңғай цифрлық жұмыс орнымен қамтылады;
  • кемінде 50 мемлекеттік қызмет ЖИ қолдану арқылы көрсетіледі;
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелердің кемінде 30%-ы QazTech платформасына көшіріледі.

Сонымен қатар пойыздарда, ұшақтарда, туристік аймақтарда және шекара инфрақұрылымы нысандарында интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Заманауи Direct to Cell спутниктік байланысы іске қосылады. Бұл азаматтар мен бизнеске көрсетілетін цифрлық қызмет сапасын кемінде 75%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Киберқауіпсіздік және цифрлық инфрақұрылым

Бұл бағытта ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай контурын нығайту, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне кибераудит жүргізу, осалдықтарды жою және дербес деректерді қорғау шараларын күшейту көзделген. Мемлекеттік жүйелерді жаңа мемлекеттік деректерді өңдеу орталығына көшіру басымдыққа ие.

Салаларды цифрландыру

Экономиканың негізгі драйверлері салаларында цифрлық шешімдер енгізіледі. Олардың қатарында басқару процестерін автоматтандыру, деректерді цифрландыру және Big Data қалыптастыру, ЖИ арқылы талдау, цифрлық егіздер жасау, IoT датчиктері мен дрондарды пайдалану және салықтық әкімшіліктің цифрлық моделі мен проактивін енгізу бар.

Жоспарға сәйкес:

  • энергетика саласындағы басқару жүйелеріне ЖИ енгізіледі;
  • геологиялық ортаны біріңғай цифрландыру арқасында геологиялық деректердің кемінде 90%-ы цифрлық форматқа көшіріледі;
  • трансшекаралық сауда-логистика процестерінің толық цифрлық контуры іске қосылады;
  • ауыл шаруашылығы саласына ЖИ-бақылау енгізу арқасында өнімділіктің 10%-ға артуы мен ауылшаруашылық өнімдерінің «Егіндіктен, сату орындарына дейінгі» цифрлық қозғалысы қамтылатын болады;
  • құрылыс жобаларының кемінде 30%-ы бас цифрлық жобалар мен BIM-модельдеу арқылы жүзеге асырылады;
  • қаржы ұйымдарының кемінде 30%-ы мемлекеттік қызметтердің бірыңғай біріктірілген ортасына қосылады;
  • әлеуметтік-еңбек саласының негізгі процестерінің 90%-ы цифрлық форматқа өтеді.

Қалалар мен өңірлер

Қалалар мен өңірлерді кешенді цифрлық дамыту аясында ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады, автожолдар мобильді интернетпен қамтылады, 20  қалада 5G желісі дамытылады.

ХҚКО-лар Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңселерінетрансформацияланады. Астанада Smart Cityжобасы іске қосылып, IT-хабтар кеңейтіледі.

Күтілетін нәтижелер:

  • азаматтардың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді;
  • 20 ірі қала 100% 5G желісімен қамтылады;
  • қалалық орта жайлылығы индексі жыл сайын кемінде 15%-ға өседі;
  • кемінде 20 ХҚКО өз өзіне қызмет көрсету секторлары бар цифрлық форматқа көшіріледі.

Жаңа экономика

Жаңа экономиканы қалыптастыру бағытында пилотсыз индустрияны дамыту және төмен биіктіктер экономикасын дамыту (ЭҚР аясында кемінде 5 пилоттық жобаны іске қосу), реттелетін криптоиндустрия мен цифрлық активтерді іске қосу, мемлекеттік майнинг жобаларын жүзеге асыру және отандық спутниктерді орбитаға және экспортқа шығару жоспарланған.

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың аватарларына тақырыптық рамка орнату бастамасы жүзеге асырылуда. Бүгінде 15 наурызға белгіленген жалпыұлттық референдум қарсаңында өз азаматтық ұстанымын жария түрде білдіріп, акцияға 88 мыңнан астам адам қосылды.

Twibbonize.com ашық платформасында арнайы «referendum2026» твиббоны жүктелді. Бірнеше күн ішінде өсу қарқыны бойынша ол ТОП-1 қатарына кіріп, сервистегі ең көп қолданылған твиббонға айналды. Сондай-ақ платформада басқа да бастамашылық акциялар орналастырылған. Қазіргі уақытта қолдаушылардың жалпы саны 88 мың адамға жетті. Жаңа Конституция жобасын қолдайтын азаматтар саны күн сайын артып келеді.

Онлайн-белсенділікке танымал қазақстандықтар да акцияға қосылды — блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, Сидней Олимпиадасының жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Василий Левит, еңбек сіңірген өнер қайраткері Қаракөз Сүлейменова, музыкант Абай Бегей, продюсер Ренат Басит, «Дервиши» тобының солисі Дильмурат Бахаров, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актер Ерболат Төлеген және басқа да көптеген тұлғалар.

Бұл бастама Қазақстанның әр өңіріндегі пайдаланушыларды біріктіріп, азаматтардың ел болашағын талқылауға қатысуының жоғары деңгейін көрсете отырып, қоғамда ерекше назар аудартқан цифрлық форматтардың біріне айналды.

№ Андреевка ауылдық округінде Конституциялық реформалар мен алдағы референдум бойынша түсіндіру кездесуі өтті

22.02.2026

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Семей қаласының тұтыну нарығы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) тауарларын тұрақтандыру шаралары және инвестициялық жобалармен танысты. Іс-шарада кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Еркебұлан Накипов өңірдегі кәсіпкерлік пен әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты толық ақпарат берді.

– Қалада қазіргі таңда 1 455 сауда нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында 67 сауда үйі, 954 азық-түлік және 370 азық-түлік емес дүкен, 22 супермаркет, 31 минимаркет және 11 базар бар. Семейде заманауи және экономикалық орнықты қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда. Олардың ішінде «Abai Plaza» мәдени-демалыс орталығы мен «Шығыс Молл» сауда-ойын-сауық орталығының ашылуы жоспарланған. Сондай-ақ, Семей – Алматы тас жолының бойындағы 26 гектар аумақта «XinYi Ltd» (ХАБ) коммуналдық базарының жобасы жүзеге асырылуда, – деді бөлім басшысы.

Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362 бұйрықпен 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Кәсіпкерлік бөлімі сауда қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағаны тұрақтандыру шаралары мен ӘМАТ тауарларының тізбесін сақтау жөнінде ақпарат береді. 2025 жылы 107 сауда нысаны, ал 2026 жылдың басынан 7 нысан бойынша тексеріс жүргізілді.

– Қазіргі таңда кәсіпкерлік бөлімі көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарының басшыларымен бағаны тұрақтандыру және ӘМАТ тауарларына 15% сауда үстемесін сақтау мәселесі бойынша меморандумдарға қол қойып отыр. Қазіргі таңда 200-ден астам меморандум жасалған. Сонымен қатар көтерме фирмалар мен жергілікті өндірушілердің қатысуымен сауда жәрмеңкелері ұйымдастырылып, өнім өзіндік құны бойынша сауда үстемесінсіз сатылуда, — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Семей қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аясында «BayazitLife» ЖШС өндірісінің жұмысы назарға алынды. Кәсіпорын 2015 жылы тіркеліп, кәсіби пайдалануға арналған арнайы киім өндірісімен айналысады. Техникалық директор Жасұлан Тұрсынхановтың айтуынша, кәсіпорын төмен температура жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған қорғаныш киім, сондай-ақ мемлекеттік стандарттарға сәйкес тігілетін ерлер мен әйелдерге арналған формалық киім шығарады.

Баспасөз туры барысында журналистер өндірістік процестің барлық кезеңімен, шикізатты қабылдаудан дайын өнімді жеткізуге дейінгі үдерістермен танысты. Кәсіпорын басшылығы өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа өнім түрлерін шығару және қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарларын жүзеге асыруда.

Семей қаласындағы сүт өнімдерін өндіретін «Qazmilk» кәсіпорнының жұмысы да назарға алынды. Технолог Али Қалихановтың айтуынша, кәсіпорында сүт, брынза, крем, қаймақ және қазақ ұлттық тәттілері шығарылады. Өндіріс күніне 15 тонна шикізатты өңдейді, оның 4 тоннасы Бородулиха және Шемонаиха аудандарындағы фермерлерден жеткізіледі.

— Технологиялық процесс – шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді орауға дейін – біздің цехта заманауи жабдықтар арқылы толық жүзеге асырылады. Өнімге сұраныс жақсы, алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Жақын арада қосымша цех ашу көзделген, — деді технолог.

«Qazmilk» өнімдері қаланың көптеген дүкендерінде, сондай-ақ 7 арнайы сауда нүктесінде сатылады. Ірі өндіріс орындары да кәсіпорынмен келісімшарт жасап, жұмысшыларға сүт өнімдерін жеткізіп отыр. Кәсіпорында көптеген жастар еңбек етсе, қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері өндірістік практикадан өтіп жүр.

— Біздің басты мақсат — әр инвестициялық және кәсіпкерлік жоба өңірге нақты пайда әкелуі. Жаңа өндіріс ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылуы керек. Сонда ғана экономикалық өсім халықтың тұрмысына әсер етеді, — деді Еркебұлан Накипов.

Осы бастамалар Семей қаласында шағын және орта бизнесті қолдаудың нақты нәтижесін көрсетіп, әлеуметтік тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, өңір экономикасының өсуіне ықпал етуде.

 

 

 

№Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленді

Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Ел аумағында ғылымды қажетсінетін үш өңір қалыптастыру жоспарланып отыр, солардың қатарында Курчатов қаласы да бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Болат Әбдіралиев хабарлады.

Қалада қажетті әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қалыптасқан, сондай-ақ аумақтық кеңеюге мүмкіндік беретін бос жер телімдері сақталған. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі 2026–2035 жылдарға арналған Курчатов қаласында ғылым қалашығын дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

– Ғылым қалашығы мәртебесін беру рәсімдерін 2026 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Аталған мәртебе берілген жағдайда қала әлеуметтік, экономикалық және демографиялық даму тұрғысынан жаңа серпін алып, халықаралық ғылыми жобалар мен инвестициялар тарту үшін тартымды орталыққа айналады, – деді спикер.

Жоба аясында жоғары технологиялық өндірістерді қолдау, басым ғылыми және ғылыми-техникалық бағыттарды дамыту, инновациялық қызметті ілгерілету, ғылыми және білім беру инфрақұрылымын нығайту, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мен инвестициялар тарту тетіктерін жетілдіру көзделген.

 

 

 

№  Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын  қолдайтынын білдірді.

2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты.
Кездесу барысында волонтерлік сектордың жаңа Конституцияны талқылауға қатысуы, үкіметтік емес ұйымдардың халықты ақпараттандырудағы рөлі, қоғамдық диалогты дамыту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Ким Вера Александровна Конституция жобасын әзірлеуге азаматтық қоғамның қатысуының маңызын және Конституциялық комиссия жұмысының ашықтығын атап өтті.
«Конституция қоғаммен диалог негізінде қалыптасуда, жабық режимде емес. Жаңа Конституция жобасымен алты ай жұмыс істеу барысында азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялардан және сарапшылардан шамамен 4 мың ұсыныс түсті. Бұл қоғамның енді пассивті бақылаушы емес, саяси үдерістердің толыққанды қатысушысына айналып келе жатқанын білдіреді», — деді Вера Ким.
Оның айтуынша, жаңа конституциялық институт — Халық кеңесін енгізу қоғамдық қатысуды нығайтудағы маңызды қадам болмақ. «Бұл мемлекет пен қоғам стратегиялық даму бағыттарын бірлесіп талқылайтын модельге көшу. Қоғам тек талқылау құқығына ғана емес, заң шығару үдерісіне ресми түрде бастамалар енгізу мүмкіндігіне ие болады», — деп атап өтті ол.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Джумурбаев Тимур Габдулович жаңа Конституцияның Қазақстан жастары үшін ерекше маңызын атап өтті.
«Қазақстан жастары үшін жаңа Конституцияны қабылдау — аса маңызды қадам. Өйткені оның маңызы бүгінгі және болашақ ұрпаққа тікелей бағытталған. Адамға бағдарлану — жастардың әділ әрі қолжетімді өсу және даму мүмкіндіктерін ашатын жаңа Негізгі заңның басты логикасы», — деді Тимур Джумурбаев.
Ол сондай-ақ сындарлы патриотизм, адами капиталды дамыту, білім мен инновация қағидаттарын бекіту жастардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, ел дамуындағы рөлін күшейтетінін атап өтті.
Өз кезегінде «Медициналық жастар» РҚБ төрағасы, медицина саласының волонтері Әбдіраш Абылайхан Әбдікерімұлы Конституция жобасының әлеуметтік және медициналық аспектілеріне тоқталды.
«Ұсынылып отырған Конституция жобасы адам өмірі мен денсаулығын мемлекеттік саясаттың өзегіне қояды. Отбасыны, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ денсаулық сақтау құқығын бекіту денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен қоғамдық денсаулықты нығайтудың берік құқықтық негізін қалыптастырады», — деді Абылайхан Әбдіраш.
Оның айтуынша, медициналық жастар бұл жобаны адамға бағдарланған, әлеуметтік жауапты мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды қадам ретінде бағалайды.
«Жобаның тиімділігі оның іс жүзінде қалай жүзеге асатынына тікелей байланысты. Біз бұл нормалар нақты бағдарламалармен, жеткілікті қаржыландырумен және жас мамандар үшін қолайлы еңбек жағдайларымен қамтамасыз етіледі деп үміттенеміз», — деп қосты ол.
Дөңгелек үстел ашық талқылау және еркін пікір алмасу форматында өтті. Шара қорытындысында Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі үндеуді жариялады.

ҮНДЕУ
Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісі
жаңа Конституция жобасын қолдау жөнінде
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін еліміз маңызды тарихи кезеңді бастан өткеруде – Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы дамуын айқындайтын жаңа Конституция жасалуда.
Волонтерлермен жұмыс барысында біз азаматтардың ел дамуына өз үлесін қосуға деген ынтасының артып келе жатқанын байқаймыз.
Біз, Қазақстанның волонтерлік қауымдастығының атынан, жаңа Конституцияны қолдаймыз. Азаматтық қоғамды дамытуға, волонтерлікті ілгерілетуге және азаматтардың ел өміріне қатысуына маңызды әсер ететін ережелерді атап өтеміз.

НЕГЕ БІЗ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙМЫЗ.
Жаңа Конституция қоғам мен мемлекет арасындағы ортақ міндеттерді шешудегі ынтымақтастықтың негізін қалыптастырады.
Біз жаңа Конституцияның келесі бағыттарын қолдаймыз:
● Қоғамдық диалог институттары арқылы азаматтық қоғамды дамыту және азаматтардың елді басқаруға қатысуын кеңейтеді
● Білім беру, ғылым және адами әлеуетті дамытуға басымдық беру, бұл жергілікті қауымдастықтарды нығайтуға және азаматтық бастамалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
● Дербес деректер мен цифрлық құқықтарды қорғауды күшейту, бұл әсіресе волонтерлік ұйымдар үшін маңызды
● Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыру, бұл қоғамның волонтерлік қауымдастыққа деген сенімін нығайтады
Аталған бағыттар волонтерлік қозғалыстың құндылықтарымен үндеседі және азаматтық қоғам ұйымдарының тиімді жұмыс істеуіне құқықтық негіз қалайды.

БІЗДІҢ ҰСТАНЫМЫМЫЗ.
Біз жаңа Конституция жобасы азаматтар қоғамдық міндеттерді шешуге белсенді қатысатын жауапты қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз, ал мемлекет бұл үшін қажетті жағдайларды жасайды.
Қазақстанның волонтерлік қауымдастығы атынан Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституцияны іске асыруға, әлеуметтік міндеттердің бір бөлігін шешуге сындарлы түрде қатысуға және мемлекет пен қоғаммен әріптестікте еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдейді.
Әрбір қазақстандықты ел болашағын қалыптастырудағы өз рөлін түсінуге және жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамыз.

Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісі
волонтерлік қауымдастық атынан
2026 жыл 9 ақпан, Астана

 

 

 

 № «SARAP» отырысында тарихи-мәдени мұраның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі орны талқыланды

Бүгін, 14 ақпан күні, Астанада «Қазақстанның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі тарихи-мәдени мұраның орны мен маңызы» атты «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Жиында тарихи-мәдени мұраның конституциялық деңгейде бекітілген құндылықтар жүйесіндегі рөлі және ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызы талқыланды. Сарапшылар тарихи жады мен мәдени сабақтастықтың мемлекеттілікті нығайтудағы стратегиялық мәніне тоқталып, тарихи-мәдени мұраны қорғау – мәдени саясаттың бір қыры ғана емес, конституциялық құрылыстың ажырамас құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және сарапшылар қатысты.

Модератор – Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Мунира Абулова іс-шараның маңызына тоқталып, Конституцияның жаңа жобасында мәдениет пен білімге, ғылым мен инновацияға айрықша басымдық берілгенін атап өтті.

«Тарихи-мәдени мұра – қоғамның рухани негізі әрі конституциялық құндылықтардың мазмұнын айқындайтын маңызды фактор. Ата заңның жаңа жобасында осы сала да назардан тыс қалмаған, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беріліп, азаматтар мен мемлекеттің міндеті нақты айқындалған. Мұндай өзгерістер тарихи-мәдени мұраны қоғам игілігі ретінде танудың құқықтық негізін нығайта түседі».

«Қазақ газеттерінің» бас директоры, Конституциялық комиссияның мүшесі Дихан  Қамзабекұлы Конституцияның жаңа жобасы бұрын айтылмаған, қазіргі уақытта ерекше маңызы бар мәселелерді қамтыды деп пікір білдірді.

«Ата заңның преамбуласы мыңдаған жылғы тарих сабақтастығын, білім мен ғылым, мәдениет құндылықтарын қамти отырып, жаңа стратегиялық бағдарларды айқындап берді. Осы бағыттардың Конституция деңгейінде бекітілуі мәдениет саласының дамуына, тарихи-мәдени мұрамыздың әрі қарай дәріптелуіне, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын жалғауға септігін тигізеді».

Жиында Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» жобасы жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Күміс Сейітова баяндама жасады.

«Тарихи-мәдени құндылықтар мәселесінің Конституция деңгейінде бекітілуі елдің бай мұрасын халықаралық кеңістікте насихаттауға зор ықпал етеді. Бұл қадам мемлекеттің мәдени саясатындағы басымдықтарды нақтылай түсті», – деді спикер.

Сондай-ақ талқыда ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікзат Дүйсенғазы, ҚЭЗИ Этномедиация орталығының директоры, мәдениеттанушы Фарида Мұсатаева сөз сөйлеп, тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған конституциялық қағидаттарды іске асырудағы мемлекеттің және ғылыми-зерттеу институттарының рөліне тоқталды.

Одан бөлек, отырыс барысында тарихи-мәдени мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеп, халықаралық және жергілікті деңгейде кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды. Сарапшылар өзара пікір алмасып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, жетілдіру және тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастырады, оның ішінде тарихи-мәдени мұраның насихатына да тың серпін береді деген қорытындыға келді.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі

https://kipd.kz/

№  САРАПШЫЛАР КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫНА БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ.

2026 жылғы 9 ақпан. Бүгін Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституция ережелерін жан-жақты сараптамалық талқылау, оны практикалық тұрғыда іске асыру бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлеу және конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған сарапшылар қауымдастығының ортақ ұстанымын қалыптастыру.

Форум аясында саясат, мемлекеттік басқару және білім беру салаларының мамандары, партия өкілдері мен ғылыми қауымдастық өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар конституциялық реформалардың елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпалы, қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлі және конституциялық нормаларды тиімді қолдану тетіктерін талқылады.

«Ауыл» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Нұрхат Ораш өз сөзінде жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді даму бағдарларын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Ол ұсынылып отырған өзгерістер қоғамның әділдікке деген сұранысын, билік жауапкершілігін арттыруды және мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтуды көрсететінін, сондай-ақ заманауи әрі тұрақты саяси жүйені қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді.

«Ұсынылып отырған реформалар ең алдымен халық мүддесін қорғауға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар олар елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және неғұрлым жауапты әрі ашық басқару моделін орнықтыруға мүмкіндік береді», – деді Н. Ораш.

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясы аппаратының жетекшісі Жазира Сұлтанқұлова «Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын толық әрі сөзсіз қолдайтынын, оны елдің саяси және қоғамдық дамуы жолындағы аса маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Еліміздің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және жетекші сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау негізінде, сондай-ақ ашық қоғамдық талқылаулардың нәтижелері мен жаңа нормалар мен ережелерді егжей-тегжейлі пысықтауды ескере отырып әзірленді», – деді Ж. Сұлтанқұлова.

Торайғыров университетінің Стратегиялық даму, халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор Салтанат Аубакирова академиялық орта үшін құқықтық жаңғырумен қатар жастардың заңға құрметін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудың маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, жаңартылған конституциялық бағдарлар жоғары оқу орындарындағы білім беру және ағартушылық жұмысты күшейтуге, елдің жас буынын жасампаздық құндылықтарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Саясаттанушы Борис Поломарчук ұсынылып отырған өзгерістер саяси жүйенің эволюциялық дамуын көрсететінін және билік институттарының ашықтығын арттыруға, қоғамның шешім қабылдау үдерістеріне қатысу аясын кеңейтуге бағытталғанын жеткізді. Ол мұндай қадамдар мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Сарапшы-саясаттанушы Еламан Елемес жаңартылған партиялық жүйеге көшу мен Парламенттің жаңа құрылымы елдің саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтеретінін айтты. Сонымен қатар Негізгі заңға өзгерістерді тек жалпыхалықтық референдум арқылы енгізу нормасы мемлекеттің тұрақтылығының ең жоғары кепілі екені ерекше аталды.

Баяндамалардан кейін кәсіби пікір алмасуға және ұсыныстар әзірлеуге бағытталған сараптамалық талқылау сессиясы өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірауыздан жаңа Конституция – қауіпсіз, таза әрі әділетті мемлекет құрудың берік іргетасын қалайтын стратегиялық таңдау деген тұжырымға келді.

Сарапшылар форумы мазмұнды ұсыныстар әзірлеуге, кәсіби диалогты дамытуға және мемлекеттің орнықты даму бағытын қолдауды нығайтуға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.

Байланыс үшін:

Айгерім Сарсенбаева: +7 747 160 63 90

Қуаныш Махметов +7 776 662 22 96

«Ауыл» партиясы» Баспасөз қызметі.

 

№ ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдады

2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын және оның қоғамдық бірлікті мен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған негізгі ережелерін белсенді түрде қолдады.

Сарапшылар жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың ерекше тарихи маңызын атап өтіп, олардың мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты дамытуда қоғамдық институттардың рөлін арттыруға бағытталғанын жеткізді.

Өз сөзінде ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Садвокасова:
«Қазақстан қоғамындағы әділеттілік – бұл қоғам мен тұлға арасындағы, оның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орны мен рөліне қатысты, құқықтары мен бостандықтарының іске асу деңгейімен айқындалатын консенсус», – деп атап өтті.

Сондай-ақ «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты      Андрей Чеботарев ұсынылып отырған реформалардың биліктің институционалдық тепе-теңдігін нығайтудағы маңызын атап өтті. Оның пікірінше:
«Жүргізіліп жатқан реформа – елдің саяси жаңғыруының негізгі кезеңдерінің бірі және ол, әсіресе бірлік пен этносаралық келісімді нығайту саласында, базалық құндылықтар мен қағидаттарға әсер етеді».

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекет басқару академиясының ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректоры Алия Масалимованың айтуынша, «жаңа Конституция жобасының өзегінде адам, оның құқықтары, әлеуметтік қорғалуы және тұрақтылық пен бейбітшілік жағдайында өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігі тұр».

ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің және өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатовтың пікірінше, «өкілдік, инклюзивтілік және ашық диалог қағидаттарына негізделген мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуінің жаңа моделін бекітетін платформа ретінде еліміздің жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болатын «Қазақстан Халық Кеңесін» құру ұсынылып отыр».

Қазақстан қырғыздары қауымдастығының төрағасы Шавкат Исмаилов та жаңа өзгерістерді қолдап, «Негізгі заң жобасын талқылау – ұлттың кемелденуінің, өз болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі» екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері жүргізіліп жатқан реформаларды қолдау жөнінде үндеу жасап, жаңа Конституцияны қабылдаудың қажеттілігімен толық ынтымақтас екендерін білдірді.

Баспасөз хабарламасы.

№ Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Ата заң жобасына ұсынылған жаңа маңызды толықтырулармен таныстырды

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа маңызды толықтырулар енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды.

Ол Комиссияға волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін хабарлады. Нәтижесінде, қолданыстағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және қоғамның дамуы мен қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерліктің маңыздылығын ескере отырып, олар қолдау тапқанын мәлімдеді.

«31-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де нысандарын құру, волонтерлік қызмет және қайырымдылықтың ынталандырылатыны жөнінде толықтыру енгізілді», – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Ол бұл идеяны іске асыру жаңа Конституция жобасының басқа ережелерін үйлесімді түрде толықтыратынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Преамбула мен Қазақстан Республикасының түбегейлі қағидаттарын, оның ішінде жауапты және жасампаз патриотизм идеяларын ілгерілету, еңбекқорлық құндылықтарын бекіту және т.б.

Бақыт Нұрмұханов басқа да өзгерістер Құрылтайдың қызметін ұйымдастырумен байланысты екенін айтты.

Мәселен, комитеттер мен комиссиялардың құрылу тәртібі, өкілеттіктері, қызметін ұйымдастыруды заңмен айқындайтын жобаның 59-бабының 3-тармағын алып тастауды ұсынды.

Ол қазіргі уақытта жоғары өкілді органның комитеттері мен комиссияларының қызметі мәселелері «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңмен, Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттелетінін еске салды.

«БұлтүзетуаталғанКонституциялықзаңдаосымәселелердіқамтуғажәнеолардықұқықтықреттеудеңгейінарттыруғамүмкіндік береді»,– деп атап өттіБақытНұрмұханов.

Ол сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жұмыс тобы құқықтық нормалар мазмұнының қолжетімділігі мен түсініктілігін қамтамасыз ету үшін тұжырымдарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдауда. Бұл ретте жобалардың терминологиялық және семантикалық бірыңғайлығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

Атап айтқанда, Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі, Конституциялық комиссияның редакциялық-терминологиялық жұмыс тобы, «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы мамандары мен жұмысқа тартылған лингвистердің ұсыныстары негізінде жекелеген редакциялық және стилистикалық түзетулер жүзеге асырылды.

№ Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді.

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2, 3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді.

Оның айтуынша, бұл түзетулер жай ғана абстрактілі құқықтық ұғымдарды емес, әрбір адамның күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды дүниелерді қамтиды.

«Мәселе күрделі заң терминдерінде емес, әрбір адамға қандай құқықтар туғаннан бері тиесілі, қай құқықтар тек азамат мәртебесімен байланысты және мұның не үшін маңызды екенінде жатыр», – деп атап өтті спикер.

Индира Әубәкірова Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары азаматтың құқықтары мен міндеттерінен нақты ажыратылғанын айтты.

«Құқықтар мен бостандықтар әрбір адамға дүниеге келген сәттен бастап тиесілі. Яғни, мемлекет оларды бермейді және өз қалауы бойынша алып қоя алмайды», – деді ол.

Мұндай құқықтар абсолютті әрі ажырамас сипатқа ие және азаматтыққа, ұлтқа немесе әлеуметтік мәртебеге тәуелді емес. Сондықтан, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да бұл құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдалана алады.

Индира Әубәкірова 14-баптың 3-тармағына ерекше тоқталып, азаматтың құқықтары азаматтықпен тікелей байланысты екенін алға тартты. Оның айтуынша, мұндай құқықтар адамның мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысына негізделеді және ол өзара құқықтар мен міндеттердің болуын білдіреді. Осы себепті шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтарға ғана тән жекелеген құқықтарды тек заңда нақты көрсетілген жағдайларда ғана пайдалана алады.

Сондай-ақ, ол 14-баптың 5-тармағына түсініктеме беріп, құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың шегін белгілеу оларды шектеу деген сөз емес екенін айтты. Бұл шек, керісінше, бір адамның еркіндігі екінші адамның құқықтары мен бостандығына нұқсан келтірмеуі үшін қажетті тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Конституция жобасында құқықтар мен бостандықтарды іске асыру өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу, конституциялық құрылыстың негіздерін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығы мен қоғамдық моральды қорғау талаптарымен тығыз байланысты екені айқын көрсетілген.

Әубәкірованың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер құқықтық айқындықты күшейтіп, нормаларды еркін әрі субъективті түрде түсіндіру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

№ Халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып қала береді – Виктор Малиновский

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында «Нархоз университеті» КеАҚ профессоры Виктор Малиновский жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне арналған жаңа Ата заң жобасының 14-бабы бойынша пікір білдіріп, бірқатар маңызды түзетулерге назар аударды.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мәнін, мазмұны мен қолданылуын айқындауы тиіс деген ережені адам құқықтары мен бостандықтарын қамтитын 14-баптың 2-тармағында бекіту керек.

«Конституцияға сәйкес, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары қызметінің басты ұстанымы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге негізделуі тиіс. Билік органдары қабылдайтын кез келген заң, нормативтік және өзге де құқықтық актілер осы құндылықтарды қорғауға және жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Сондай-ақ, әрбір жеке шешім тұлғаның құқықтарын басшылыққа алуы тиіс», – деді Виктор Малиновский.

Оның айтуынша, «қолданыстағы құқық» ұғымын жүйелі түрде қолдану заң тұрғысынан дұрыс. Бұл ұғым тек заңдарды ғана емес, құқықтың басқа да көздеріне түсініктеме береді. Сонымен қатар, профессор бұл ұғымның мемлекеттегі құқықтық олқылықтарды жоюға және адамдардың құқықтарын қорғауды күшейтуге арналғанын атап өтті.

Өз сөзінде Малиновский 14-баптың 3-тармағына да ерекше тоқталды. Спикер адамның құқықтары мен міндеттері азаматтығынан туындайтынын жеткізіп, бұл құқықтардың тұлғаның мемлекетпен берік саяси-құқықтық байланысына негізделетінін айтты. Ғалым оларды нақты әрі бұлжытпай бекіту қажеттігін де алға тартты.

Профессордың пікірінше, мұндай конституциялық нақтылау адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл конституциялық құқық теориясы мен тәжірибесінде жалпыға танылған тәсіл болып есептеледі.

«Адам құқықтары абсолютті, бөлінбейтін және әмбебап сипатқа ие. Олар әрбір адамға туғанынан бері тиесілі және азаматтығына, құқықтық мәртебесіне, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға тәуелді емес. Адам құқықтары ең жоғары конституциялық құндылық болып саналады және қолданыстағы барлық құқықтың мәнін, мазмұнын және қолданылуын айқындайды», – деді профессор.

Оның айтуынша, сәйкесінше ааматтық тек азаматтық құқықтардың көлемін ғана айқындап қоймайды, сонымен бірге адамның мемлекеттегі ерекше құқықтық мәртебесін көрсетеді. Сәйкесінше, жеке адамдарға ғана тән арнайы міндеттерді де белгілейді.

«Мұндай міндеттерге Қазақстан Республикасын қорғау және әскери қызмет атқару, тарихи және мәдени мұраны сақтау туралы қамқорлық, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау, сондай-ақ Конституция мен заңдардан тікелей туындайтын өзге де міндеттер жатады», – деді Малиновский.

Бұл ереже әртүрлі тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін нақтылай отырып, Ата заңдағы 14-баптың мәнін ашады дейді профессор. Сонымен қатар, Малиновский аталған баптың 5-тармағына да түсініктеме беріп, құжатта жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың шегі әділ түрде белгіленгенін атап өтті.

Баяндаманың жеке бір бөлігі халықаралық шарттарға және олардың ұлттық құқықпен арақатынасына арналды. Малиновский Конституция жобасында ратификацияланған халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі екенін және ұлттық құқықтық жүйеде қолданылуға тиіс екені туралы қағидаттың сақталатынын хабарлады.

Оның пікірінше, ратификацияланған халықаралық шарттардың заңдардан басымдығы туралы ереженің жойылуы адам құқықтары саласындағы бұрын ратификацияланған және қолданыстағы халықаралық шарттарға қауіп төндірмейді.

Осылайша, профессор сөзіне сәйкес, басты мәселе құқық көздерінің формалды басымдығында емес екен. Ең маңыздысы – соттар мен өзге де мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде халықаралық шарттардың күші сақталады. Жаңа Конституция жобасы бұл қағидатты жоққа шығармайды және деңгейін түсірмейді.

№ Саясаттанушы Марат Шибутов: Ата Заңның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деп санаймын

Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді.

Марат Шибұтов Құрылтай бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауды келісуге құқылы екенін айтты. Олардың қатарында Вице-Президент, Премьер-Министр, Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі бар. Яғни, қазіргіден әлдеқайда көп.

Марат Шибұтов Парламентті тарату тетіктерін неғұрлым икемді және ымыраға келуге мүмкіндік беретіндей етуді ұсынды.

«Таратады» дегенсөздіңорнынаменүзілді-кесілділікті алып тастап, келісімге келумүмкіндігінқалдырып, «таратуға құқылы» дегенді қолданудыұсынамын.Бұл«Президент»бөліміндегі46-баптың 2,4,8-тармақтарынажәне«Құрылтай» бөліміндегі62-баптың1,2-тармақтарынақатысты.Осылайша,бізсаясижүйеніикемді және ымыраға келугебейім етеміз.Құрметті Комиссия,меніңұсынысымдықолдауды сұраймын»,– деді ол.

Саясаттанушысондай-ақ ҚРжаңаКонституциясынаұсынылғанәрбіртұжырым Конституциялықкомиссияда қызуталқылауданөтіп, ашыққоғамдықбағалауменсүйемелденгенін атап өтті.

«Бұл күрделі, кейде ыңғайсыз, бірақ адал үдеріс болды. Нәтижесінде, қазіргі кезеңде бізде түрлі сала сарапшыларының бірлескен еңбегі мен әртүрлі ұстаным, тәжірибе мен дүниетанымының нәтижесі болып табылатын жоба бар. Сондықтан да Ата заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге шығаруға дайын деп санаймын», – деп қорытындылады Марат Шибұтов.